Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі: «Алматыда қазақ мектептерінде оқитын балалар саны он есеге өсті»
Кеше Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Тіл мерекесіне орай М. Әуезов атындағы акедемиялық театрда жұртшылықпен жүздесіп төмендегідей баяндама жасады. Әкімнің баяндамасында Алматы қаласында қазақы ортаның қанат жайып келе жатқаны назар аудартады. Шолып шығыңыз:
Бүгінгі күні Алматыдағы 216 балабақшаның 81-і қазақ тілінде, 82-сі аралас. Оларда тәрбиеленушілердің 15 мыңы қазақ, 7 мыңы орысша тәлім алуда. Бұған қоса, 18 мың сәби аралас топтарға барып жүр. Бір қуанарлығы өзге ұлт өкілдерінің қазақша тәрбие беруге деген ықыласы жыл сайын артып келеді. Қаламызда 3692 өзге ұлт өкілдері қазақша тәрбиеленуде. Соның 2266-сы орыс, 1426-сы өзге ұлт бүлдіршіндері. Тұтастай алғанда, қазір Алматы қаласы бойынша қазақ балабақшаларындағы балалар саны 60 пайыздан асты. Бұл - Елбасының «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзінің дәлелі.
Мектепке дейінгі мекемелерді оқу-әдістемелік құралдармен жабдықтау да заман талабына лайық жолға түсті. Жергілікті бюджет есебінен өткен жылы 30, биылғы жылы 50 сериялы анимациялық фильмдер әзірленіп, тегін таратылды. Бұл жұмыс әлі де жүйелі жалғасады.
Екіншіден, тіл болашағының басты буыны мектеп екендігін білесіздер.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында таза қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны 50-ге жетті. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі болғанын баршаңыз білесіз. Ал, 1989 жылы олардың саны - 7-еу, 1999 жылы - 32 болған. Соңғы үш жылдың ішінде ғана онға жуық қазақ мектебі ашылды. Олардың барлығы жаңадан салынған, типтік жобадағы ғимараттар. Таяу жылдары тағы да 7 қазақ мектебі шаңырақ көтереді. Аралас мектептерді жеке бөліп шығарудың да жүйелі жоспары бар.
Осыдан жиырма жыл бұрын Алматыда қазақ мектептерінде оқитын балалар саны 8 мыңдай ғана болса, биылғы оқу жылында олардың саны 70 мыңнан асты. Яғни, он есеге жуық өскен.
Қазақ тілінде білім беру сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жетіліп келеді. Биыл «Алтын белгі» алған түлектердің 69,7 пайызы қазақ мектептерін тәмамдаған. Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алып, өз білімдерін әлемдік бәсекеде таныта білгендердің 73 пайызы - қазақ мектебінің оқушылары. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша орташа көрсеткіш - 87 балл болды. Қазақ тілді шәкірттердің орташа көрсеткіші орыс мектептеріне қарағанда екі балға жоғары болды. Демек, «Қазақ мектептерінің білім деңгейі төмен» деген бір кездері қалыптасқан қағиданың бүгінгі таңда түбірінен өзгергенін көруге болады.
Қазір қаладағы қазақ мектептерінде 1533 түрлі ұлт өкілдерінің балалары қазақша тәлім-тәрбие алуда. Бұл - барынша қолдап, үлгі-өнеге етіп көрсететін құбылыс.
Үшіншіден, еліміздің ең белсенді жастары оқитын жоғары білімдегі жағдай да көп өзгерді. Алматыдағы 53 жоғары оқу орнындағы 186 мыңнан астам студенттің жартысынан астамы ана тілімізде оқиды. Салыстырып көрелік. 1990-1991 оқу жылдары жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын топтар саны 13,6 пайыз болса, 2000-2001 жылдары 30,1 пайызды құраған. Ал өткен оқу жылында қазақша топтардың саны 51,6 пайызға жетіп отыр. Бұл құбылыс өзінің заңды жалғасын табады деп ойлаймын.
Төртіншіден, тіл саясатындағы басым бағыттың бірі - мемлекеттік тілде іс жүргізудің өрісін кеңейту. Соңғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 82 пайыздан асты. Қазір Алматы қаласында қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ іс қағаздары қабылданбайды. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бұдан былай да құжаттардың заң аясында рәсімделуін қадағалауды қатаң тапсырамын.
«Абай-ақпапарт»