Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Күбіртке 7496 18 пікір 2 Сәуір, 2020 сағат 18:27

Тағы да шетелден қарыз аламыз

Қазақстанның Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов бүгін «Қазақстан қарыз беруге қауіпсіз ел. Сондықтан біз әлі қарыз ала аламыз», - деп сүйіншілепті. «KazTag» хабарлады.

«Мемлекеттік қарызды анықтаудың негізгі критерилерінің бірі - оның қауіпсіз деңгейде болуы. Қазіргі уақта қауіпсіз деңгей - ЖІӨ-нің 23,6%-ын құрайды. Біз бұл деңгейден асқан жоқпыз. Сондықтан мемлекеттік қарыз көрсеткіші қауіпсіз деңгейде. Бұл дегеніңіз - бізге қаржылай қарыз алып, оны экономиканы дамытуға жұмсауға мүмкіндік бар деген сөз», - депті кіші министр Шолпанқұлов.

Министрдің сөзінен ұққанымыз - біздің Үкімет шетелдік кредиторлар алдында сенім лимитін әлі тауысқан жоқ. Сондықтан, әлі де қарыз алуға мүмкіндік бар екен. Сондықтан, шетелден тағы да қарыз алатын бопты.

Қазақстан сыртқы нарықтардан шамамен 3 миллиард доллар қарыз алады. Мұны да жаңағы кіші министр Шолпанқұлов айтты. «Zakon.kz» сайты жазды. 

«Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 триллион теңге қарыз алу керек. Оның ішінде 3 миллиард долларды шетелдік капитал нарықтарынан алуды жоспарлап отырмыз», - депті министр.

Бұған дейін ол дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге көлемінде шығындар қажет болатынын, оның 2,5 триллион теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен және 3,5 трлн теңге республикалық бюджеттен бөлінетінін айтқан.

Біле жүріңіздер:

2019 жылғы қазан айындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы - 157,7 миллиард доллар

Оның ішінде:

Ұлттық банктің қарызы - 634 миллион доллар;

Банктердің қарызы - 4,6 миллиард доллар;

Мемлекеттік басқару органдарының қарызы - 12,8 миллиард доллар;

Фирмаралық қарыз - 98,5 миллиард доллар;

Басқа секторлардың қарызы - 41,2 миллиард доллар.

Ал:

Қазақстандағы ең төменгі жалақы - 42 500 теңге;

Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы - 38 636 теңге;

Қазақстандағы орташа айлық жалақы - 203 900 теңге;

Айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 183 теңге.

Ал Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жалпы резерві 90 миллиард 425 миллион доллар болған.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006