Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 5929 8 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 16:59

«Egov» қызметін пайдалану неге қиын?

Бүгінгі күні сонау 2013 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан 2020» бағдарламасы туралы үкімет мүшелері көп айта бермейді. Тіпті бағдарламадағы 2020 жылы Қазақстан электрондық үкімет көрсеткіші бойынша ең алдыңғы 25 елдің қатарына енуі тиіс деген мақсатты ұмытып кеткен сияқты.

Бірақ ағылшын тілінен бұрмаланып алынған «егов» деген сөз әркімнің ауызында. Әсіресе қазіргі коронавирус жағдайында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұртшылықтың үйде отырып-ақ egov.kz порталы арқылы электрондық қызмет алу мүмкіншіліктерін кеңінен жарнамалауда. Ал іс жүзінде осы бір қарағанда өте қолайлы қызметті пайдалануға талпынған кез келген адам толып жатқан техникалық кедергілердің шырмауына оралады.

Мен мұны Ұлттық куәләндіру орталығының pki.gov.kz сайтындағы NCALayer қосымшасын пайдалануға байланысты шағымдарға сүйеніп қана емес, өз басымнан өткергендіктен айтып отырмын. Жақында осы egov.kz порталы арқылы компьютеріме электрондық қолтаңба орнаттым. Қазір қандай маңызды құжатты болмасын электрондық қолтаңбамен бекіту ыңғайлы да сенімді. Бұл қағазбастылықтан құтылудың да, уақыт үнемдеудің де тиімді жолы, заман талабы.

Алайда электрондық қолтаңбаны пайдалану үшін Ұлттық куәләндіру орталығының жобасымен жасалған NCALayer аплеті қажет, онсыз ешқандай құжатқа қол қоя алмайсың. Ал бұл қосымшаның жұмыс істеуі үшін Java бағдарламасын орнату қажет. 1995 жылы жасалған бұл бағдарламаның қазірге дейін он бес нұсқасы шықты. Ұлттық куәләндыру орталығының неліктен сегізінші нұсқаны ұсынатыны түсініксіз. Бірақ ең машақаты Java дұрыс жұмыс істеуі үшін JDK пакетін орнату қажет. Бұл пакет бұрын тегін болса, соңғы жылдары Oracle компаниясы ақылы жүйеге көшірді. Соның өзінде орнатылған JDK браузермен немесе Windows жүйесінің разрядымен сәйкес келмесе жұмыс істемейді. Оған антивирус та, брандмауер де кедергі болуы мүмкін.

Ұлттық куәләндіру орталығы NCALayer. Java 8 дұрыс жұмыс істеуі үшін pki.gov.kz сайтынан орнатқан дұрыс деген соң сол сайттан орнатып едім, NCALayer ашылмайды, немесе ашыла сала қайтадан жабылып қалады. Javaдан да қайран болмады. Мұны Ұлттық орталықтың мамандарының ешқайсысы түсіндіріп бере алмайды. Шағымдарға, сұрақтарға жауапты оқып отырсам, Ұлттық орталық мамандарының сөзінше бәріне кінәлі Windows 7 жүйесінің ескіргені болып шығады, немесе дұрыс орнатпаған пайдаланушының өзі кінәлі дегенге саяды.

Осыдан бір жарым жылдай бұрын Microsoft компаниясы Windows 7 жүйесіне техникалық қолдау көретілмейтінін хабарлаған, бірақ компьютерлерін Windows 10 жүйесіне дейін тегін жетілдіруге көпшілік аталған мерзімде үлгере алмады немесе хабарландыруға мән бермеді. Енді оныншы нұсқаға көшу үшін оны кемінде елу мың теңгеге сатып алу керек немесе дүкеннен кемінде үш жүз мыңға оныншы винда орнатылған су жаңа компьютер алу керек. Мұны әркімнің қалтасы көтере бермейтіні анық. Қазір көпшілік жетінші нұсқаны пайдаланып жүр. Осыны Ұлттық куәләндіру орталығындағылар неге ескермеген?

NCLayer қосымшасын неге Java-ға байлап қойған? Мүндай кедергілер «электрондық үкіметтің» қызметін пайдалануды қиындата түсетіні түсінікті ғой? Мен бізде осы кедергілерді жоя алатын білікті IT мамандары жоқ дегенге сенбеймін. Жыл сайын жоғары оқу орындарынан арнайы білім алған жас түлектер шығып жатыр емес пе? Түсінбейтінім, солардың қайда кетіп жатқандығы.

Өз білуімше қазір әлемде компьютерлік бағдарлама жасаудан Үндістан көш бастап тұр. Осыдан бес-алты жыл бұрын ВВС телеарнасынан ашқұрсақ жүрсе де көше бұрыштарында, лашықтарда, кафелерде жаппай компьютерді игеріп жатқан үнділіктерді көріп едім. Бүгін сол құрып қалғыр JDK аплетін жүктеп алайын деп кездейсоқ бір үнді сайтына тап болдым. Java компьютерлік бағдарламасының тілін игерген жап жас Рамеш есімді жігіт жарты сағаттық бейнефильнде JDK-ні орнатудан бастап бағдарламалық файлдарға қосу, бейімдеу, компиляторлық бағдарламалар жасау, жүйенің командалық тілін қалай қолдануды, қосуды ауызы ауызына жұқпай түсіндіріп берді.

Осындай мамандар қазақтардың арасынан да табылар. Бірақ әзірге компьютерлік бағадарламар жасайтын мамандар тым тапшы. Басқасын айтпағанда, компьютер жөндеу орталықтарына барсаңыз да қай қалада болмасын қазақ жігітін көрмейсіз. 

Бұл қазақ жастары үнділіктермен салыстырғанда қабілетсіз деген сөз емес. Ешқандай ұлт интеллектуалдық дамуы жағынан басқалардан артық та, кем де емес. Мәселе қоғамдық, әлеуметтік ортада қалыптасқан көзқараста. Ежелден «өнер алды қызыл тіл» деген ұшқары «нақыл» санасында мықтап шегеленген қазақ жігіттері ақындық, айтыс, жазушылық сияқты ел экономикасына пайдасыз әурешілікті қуалап, заман ағымына ілесе алмай келеді. Әйтпесе Рамеш тумысынан Сайлаубектен ақылды болып туған жоқ қой? 

Марат Ермұқанов 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236