«100 жаңа оқулық» жобасымен аударылған кітап он мың данамен шықты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласы жарияланғанын бәріміз білеміз. Елбасы аталған мақаласында біздің бүгінгі қоғамға тек инженерлер мен дәрігерлер, технологтар ғана емес, сонымен бірге бүгіні мен болашағын жақсы білетін гуманитарлық бағыттағы адамдар да қажет екенін атап өтті.
Осыған байланысты Тұңғыш Президент елдің ертеңі, ұлттың болашағы болған студенттерге тарих және саясаттану, әлеуметтану және философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ филология ғылымдары саласындағы заман талабына сай білім алуға барлық жағдай жасауды тапсырды.
Елбасының аталған тапсырмасын бұлжытпай орындау үшін «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы жасалып, іске қосылғанына бірнеше жыл болды. Осы жоба аясында өткен бірнеше жылда гуманитарлық бағыттағы әлемдегі ең үздік, ең мықты деген университеттердің оқулықтары қазақ тіліне аударылады.
Осы жобаның арқасында біздің студенттеріміз ең жақсы әлемдік стандарттар негізінде білім алуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, өз мамандығы бойынша ең үздік, ең сапалы білім алып, мейлінше көбірек білуге қол жеткізді деп сеніммен айтуға болады. Бүгінгі таңда қазақ тіліне аударылған алғашқы оқулықтар әл-Фараби кітапханасының сайтында және өзгеде электронды кітапханаларда қалың көпшілікке қол жетімді.
Еліміз руханиятына үлкен серпіліс әкелген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске қосылып, сәтті жүзеге асырылып жатыр дедік. Үш жылдан бері біз сөз етіп отырған «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемдік деңгейде аса танымал көптеген кітап аударылып, қазақ оқырмандарына жол тартты.
Аталған бағдарлама аясында аударылған кітаптардың сапасы, олардың қазақ тілді оқырманға тигізер пайдасы жайлы Ұлттық аударма бюросының бас редакторы Мұхтар Сеңгірбай былай дейді:
- Қазақcтандағы ең ауқымды ғылыми әдебиетпен бір мезетте жұмыc іcтеп жатқандықтан, қазір «Қазақ тіліндегі 100 жаңaоқулық» жобаcы ғылыми терминологияны қалыптаcтырып, аудармaіcін жолғaқоюдың қайнаған қазанынaайналды. Терминдерді апробациядан өткізіп, ғылыми айналымғaенгізу бойыншa Тіл cаяcаты комитетімен, Мемтерминкоммен тығыз ынтымақтаcaжұмыc іcтеп жатырмыз.
Біз байқаған тағы бір жаңалығы – бұл жобaжалпы қазақ тіліндегі кітап индуcтрияcына, ғылыми-көпшілік аудармaіcіне cерпін әкеліп жатқан cияқты. Қазірдің өзінде түрлі ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдеби және мотивациялық кітаптар шығаруғaбет түзеген ұйымдар бой көтеріп жатыр. Бұл дaболашақтaтілдік ортаның cапалы, мазмұнды болуына, cол арқылы жалпы қазақ тілінің мәртебеcін көтеруге cеп болады деп үміттенеміз, - дейді ол.
Сөз соңында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, басылып шыққан кітаптың жеткен жетістігі жайлы айта кетейік, Концептіден дайын сценарийге дейінгі сатылы нұсқаулық саналатын «Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» атты кітап мемлекеттік тілге аударылып, он мың данамен басылып шыққан. Бұл 2020 жылғы ең үлкен көрсеткіш болатын.
Біз айтып отырған киносценарий жайлы кітап жаңадан маманданған және сценарий жазуды енді ғана бастап жүрген жас сценаристерге арналған кәсіби оқулық. Бұл оқулық салылығымен, пайдалылығымен ізденуші жастардың қызу қарсы алуына бөленді. Соның арқасында бұл кітап - «Киносценарий» алғаш аударылғаннан басап, бүгінге дейін мөлшермен қырық мәрте қайта басылып шығып отыр.
Енді аталған кітаптың артықшылығы жайлы бірер сөз айта кетейік. Бұл кітаптың авторы Сид Филд деген танымал сценарист. Аталған кітап бүгінге дейін жиырма бес тілге аударылған. Кітап авторының кино жайлы жазған кітаптары әлем бойынша сатылымы мен таралымы өте жоғары. Осыдан-ақ «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қандай сапалы кітаптардың аударылып жатқанын аңғаруға болатын шығар деп ойлаймыз.
Бұл кітаптың тағы бір ерекшелігі киносценарий жазу машығын дәл түсіндіріп көрсету үшін, елге белгілі, көпшілкке танымал кейбір кинолардан нақты мысалдар келтірген. Кино саласында мұндай бағытта жазылған кітап жоқ деуге болады.
Кітап авторы оқырмандарына дайын шығарманы сценарийге бейімдеп жазуды, көркем идеяны жоғары деңгейде дамытуды үйретеді. Жазбада нақты кейіпкер жасап, айтар ойды тым шашыратпай, сапалы әрі нақты берудің тәсілдерін түсіндіріп береді. Сонымен қатар, жазып болған сценарийді қалай сатудың да тиімді тәсілдерін көрсетіп береді. Ең маңыздысы осының бәрі өте түсінікті әрі қарапайым жолдармен көрсетілген. Кітап авторының айтуынша, сценарий жазу – үйренуге болатын шығармашылық процесс. Мұны тіпті шығармашылық дәрежесіне жеткен кәсіп деуге де болады дейді автор.
Аталған кітап киносценарий жазып үйренуді жоспарлап жүрген, киносценарий жазуға қызығатын жалпы көпшілікке және студенттерге арналған. Мемлекеттік бағдарлама аясында осындай сапалы кітаптың аударылып, оның қазақ оқырмандарының қызу қарсы алуына бөленіп, он мың данамен таралғаны үлкен жетістік деп бағалаймыз.
Abai.kz