Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 3944 13 пікір 17 Тамыз, 2020 сағат 16:50

Тихановская: Ұлт лидері болуға дайынмын!

Беларусь сайлауындағы президент Лукашенконың басты оппоненті болған Светлана Тихановская шерулеткен халыққа тағы бір үндеу жариялады.

«Елде қайтадан тыныштық орнап, саяси тұтқындардың барлығын босатып, тез арада жаңа президент сайлауын ұйымдастыруға жағдай жасау үшін ұлт лидері болуға мен дайынмын», - деп мәлімдеді Тихановская. Светлана Тихановскаяның сол мәлімдемесін қазазақшаға аударып бергенді жөн көрдік.

Тихановская заявила о готовности стать национальным лидером - РИА ...

Тихановакаяның мәлімдемесі:

- Менің қымбатты да сүйікті беларустерім! Біздің бәріміз қазір ел тарихындағы ең бір күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Оңбағандық пен батырлық, махаббат пен сатқындық, шарасыздық пен ерлік бетпе-бет түйіскен тұстамыз. Біз өз таңдауымызды жасауымыз керек. Мұны бізден бүгінгі уақыт талап етіп отыр. Біз өз батырларымызды жерлеп жатқан дәл бүгінгі күні мен сіздермен бірге жылап отырмын. Бұл біз үшін орны толмас қаза. Бейкүнә жастар... Олардың отбасыларына қолдау көрсету маңызды. Болашақта олардың есімдерін көшелерге беруіміз керек.  Олардың есімдері біздің жадымызда мәңгі қалады.

Өзімнің саяси карьерама қатысты ешқандай иллюзия болған жоқ. Менің саясаткер болғым келген жоқ. Бірақ, тағдырдың өзі мені әділетсіздікпен күрестің алдыңғы шебіне шығарды. Тағдыр және Сіздер! Маған сенген, күш берген, сенім берген - Сіздер! Сіздер маған өз дауыстарыңызды бердіңіздер! Мен мұны жоғары бағалаймын және не үшін олай еткендеріңізді жақсы түсінемін! Осыдан 26 жыл бұрын түскен осы бір тұйықтан шыққымыз келеді.

Мен өзіме жауапкершілік ала отырып, осы кезеңде Ұлт көшбасшысы болуға дайынмын! Ел тынышталуы үшін, бұрынғы бейбіт өмір орнауы үшін, барлық саяси тұтқындарды босату үшін және ең қысқа мерзімде қайтадан сайлау өткізу үшін, заңдық жаза даярлау үшін! Әлемдік қауымдастық мойындайтын әділ әрі шын президентік сайлау өткізу үшін!

Соңғы айлар беларусь халқының жылдам ұйымдаса алатын, өзі мен өз жақындары үшін аяғына дейін күресе алатын ел екенін әлемге дәлелдеді. Қуаныштысы сол – бұл бізбіз. Біз бұл қоғамдық сананың оянуын ұзақ жылдар күттік. Бүгін беларусь халқы әлемге санитарлық һәм қоғамдық тәртіптің жарқын үлгісін көрсетті. Әр жолы біз әлемге бейбіт шерудің үлгісін көрсетіп келеміз. Бұл арқылы біз шындық күш пен қарудың жағында емес екенін дәлелдедік.

Бұл сигналдар міндетті түрде естіледі. Және әлем елдерінен біздің бұл күрделі кезеңнен өтуімізге көмектесетін өз жақтастарымызды табамыз. Сондай-ақ, біз тағдыр тәлкегімен өзге елдерге бас сауғалап кеткен беларусьтердің де күш-жігерін қайтарамыз! Олар да біз секілді адамдар. Олар қазірдің өзінде елдегі өзгерістің тезірек болғанын қалап, сол үшін жұмыс жасап жатыр.

Ұзақ жылдардан бері біз алғаш рет біріге алатынымызды, өз елімізді жақсы көретінімізді көрсеттік. Енді біз осы қоғамдық бірлікті әсте жоғалтпауымыз керек! Өйткені, осы бірлік елде өзгеріс әкеледі. Осы арқылы Беларусьті жемқорлық жайлаған елден, бейбіт, өмір сүруге қауіпсіз елге айналдыра аламыз.

Мен Беларусь Тәуелсіздігінің маңыздылығын жақсы түсінемін. Тәуелсіздіктен ешқандай жағдайда айырылып қалмауымыз керек!

Мен көптеген сайлау учаскелірінде билік тарапынан жасалған қысымға қарамастан, дауыстардың әділ есептелгеніне қатты қуандым. Қазір өзгеріс уақыты. Жоғарыдағыдай қысымдар өткен шақтың тарихына енуі керек.

Мен форма киген азаматтарға айтқым келеді. Беларусьтер күш көрсетуге төзбейді. Беларусьтер мейірімді әрі әділ халық. Егер сіздер жоғарыдан берілген қылмысты тапсырмаларды орындаудан бас тартып, халық жағына өтетін болсаңыздар, біздің халық сіздерді кешіреді, сіздерді қолдайды және болашақта бұл әрекеттеріңізді беттеріңізге баспайтын болады. Мұны өздеріңізді жақсы түсініп отырсыздар. Біз бір халықпыз.

Біздің қазір бір-бірімізбен қырқысқанымыз кімге тиімді? Кім мұнан пайда көріп отыр? Біз бірміз. Егер сіздердің ниеттеріңіз түзу болса, біз сіздерді әрқайым қабылдаймыз.

Бізге қазір күш пен төзім керек. Біз өз құқықтарын бейбіт жолмен, соның ішінде бейбіт митингтер арқылы қорғап жүрген барық азаматты қолдаймыз. Біз бір-бірімізді қауіпке қалдырмаймыз. Және бүкіл әлем бізге сүйсініп, үмітпен қарап отыр. Біздің күшіміз – өз-өзімізге және бір-бірімізге деген сенімде! Өмір сүруге қауіпсіз елді тек бірге жасай алатынымызды ұмытпаңыздар!


Протесты в Беларуси: в Минске на акцию вышли более ста тысяч ...

Бірнеше күн бұрын Тихановская Литваға кеткен. Оның жақтастары саясаткерге қысым жасалды деп ойлайды. Наразылық акциясына шықпау туралы үндеуді Тихановскаяның қағаздан оқығаны түсірілген видео жарияланған. Саясаткердің жақтастары бұл үндеуді мәжбүрлеп, бопсалап жаздырып алған дейді. Дегенмен бұл үндеуде Тихановская қарсыласы Лукашенконың жеңіске жеткенін мойындамаған, сайлаудың ресми нәтижесіне түсірген шағымынан бас тартпаған.

Өткен жұмада ол Беларусь қалаларының басшыларынан 15 және 16 тамызда бейбіт наразылық акциясын өткізуге жағдай жасауын сұрады.

На митинг в Минске вышли десятки тысяч людей - Korrespondent.net

Ал демалыс күндері президент Александр Лукашенконың қызметтен кетуін, әділ сайлауды, билік күшінің белсенділерді қудалауды доғаруын, саяси тұтқындардың босатылуын талап еткен мыңдаған тұрғын наразылық акциясына жиналды. Минск қаласындағы акцияға кем дегенде 220 мың адам қатысқан. Мұндай мәліметті Tut.By агенттігі жариялады. Акция Брест, Могилев, Гродно, Витебск, Бобруйск және басқа да қалаларда өтті.

Айтпақшы, демалыс күндері Александр Лукашенконың жақтастары да митинг өткізген еді. Алайда, ол жиынға жиылғандардың саны Тихановская жақтастарынан едәуір аз болды.

Тихановская - танымал блогер Сергей Тихановскийдің әйелі. Билік оның күйеуін үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан соң Тихановская сайлауға өзі қатысқан. Сергей Тихановский қазір қамауда отыр.

Ресми мәлімет бойынша, 9 тамыздағы сайлауда Лукашенко шамамен 80 пайыз дауыс жинаған. Ресми мәліметпен келіспеген сайлаушылар жаппай наразылық акциясына шықты, билік оларды аяусыз басумен болды. Жүздеген адам жараланды, кем дегенде бір адам қаза тапты.

Ал Қазақстан билігі Александр Лукашенконы алғашқылардың бірі болып, сайлаудағы «жеңісімен» құттықтаған.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520