Сенбі, 23 Қараша 2024
Естелік 4340 0 пікір 26 Тамыз, 2020 сағат 11:48

Аймадет аға, есіл ер

Тәңір шарапатынан жаралған, тұла бойына бабалардың өр рухынан күш алған, қарағайдың қарсы біткен бұтағы - қара қазақ баласының сұлтаны. Қара қарға, қара ала үйрекке күш қылса, намысын қайрақ қылған қайран ер Жақсылық аға Үшкемпірұлының рухына арналады.


Ананың құрсағынан ала келген,
Пәк ниетің сақталған саналы ер ең.
Хан алдында ауылдың қамын ойлап,
Жағатсымай жақсы сөз аға деп ең.
Қазанама жазам деп кім ойлаған,
Жалған дүние-ай қас-қағым қаза деген...

Қар бұзып, із салып ең қазан атша,
Қарсыласты тақымдап қара лақша.
Аты аңыз болсада нар алашқа,
Тап-таза еді көңілі бала бақша.
Алақанын төсейтін ақ көңіл ед,
Аспаннан жұлдыз ағып бара жатса.

Арал теңіз, қарт Каспи ерім деді,
Жамбыл ел жасын төкті көзіндегі.
Қайғыңа Талас өзен талмаусырап,
Ертіс, Семей ерім деп еңіреді.
Күн мен ай, жұлдыз, шолпан тоқтау айтты,
Көк ту жылап қазақтың көгіндегі.

Ер едің елді сүйген, елде сүйген,
Есімі өшпес адамдар зердесінен.
Не өлем, не жеңем деп белдесіп ең,
Намыс туын көтеріп төрлетіп ең.
Боз кілемде жоның бар сүрінбейтін,
Ботайдың қонысында ержетіп ең.

Еңбегіңді бұлдамай елге сіңген,
Бұралқы ит көрінбейтін өр көшіңнен.
Қадам сайын тілейтін жақсылық ең,
Жамандық жойылсын деп жер бетінен.
Тамыз тамбай сонген-ай кеудесінен,
Қырық күннің алдында кездесіп ем.

Өмірде аз нағыз кісі, сыйлы адамдар,
Олар қайтса ту түсір, ту қадаңдар.
Соның бірі әлемнің Жақсылығы,
Өміріне үңіліп шын қараңдар.
Аулаңда арсылдаған итіңе тақ,
Халық қаһарман медалын қыймағандар.

Азалы күн шөгеріп ақ атанды,
Сіз кеткенде көп сөнді дала шамы
Дәс қалды жөргегінде көз жұмуға,
Әлемдегі жақсылық, пәк атаулы.
Аға сізге сыйладым ескерткіш қып...
Өзіңіз көп қарайтын Ала тауды.

Арманыңды ақсатпай жолда қалған,
Сүрінбес сіз туралы жорға қалам.
Деп едің жетпісімді тойла балам,
Нардан қалған ботадай боздап алам.
Кең дүниені сыйдырып кеудесіне,
Кең сайға жатады деп ойламағам.

Тіріңде табақтас кім, қабақтас кім,
Түңілігін ашып бердің таңы атпастың.
Арамдықтың қақпанын баспайын деп,
Арыстандай ізіңді санап бастың.
Жақсылықтай ұл тумас дегім келіп,
Туса туар артылмас - қазақша айттым.

Ержаннат Байқабай,

Сары арқа – Есіл,

Тамыздың 4-жаңасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375