Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 8900 5 пікір 27 Тамыз, 2020 сағат 11:53

Қазақ төлқұжатынан кімдер бас тартты?

Былтыр қаңтар-маусым айларында елімізден 20 071 адам көшсе, биыл тап осы мерезімде, яғни, COVID-19 кезінде олардың мөлшері 45,3%-ға кеміп, қазақ елінен 10 977 адам өзге елден өз бақытын іздеп қоныс аударды.

Бұлардың ішінде ТМД елдеріне атбасын бұрғандары – 9,8 мыңға тарта. Тарқата айтсақ:  Ресейге –9,5 мың, Өзбекстанға – 131, Беларусқа – 101, Қырғызстанға – 33, Украинға – 22 және Әзербайжанға – 16 адам ауа көшті.

Әлемнің қалған алыс-жақын елдеріне қазақ жерінен көшкендер саны: 1169 адам. Олардың 780-і – Алманияда, 131-і – АҚШ-та, 59-ы – Канадада, 20-сы – Израилде, 17-сі – Түркияда, 7-сі – Грекияда тұрғанды хош санапты. 

Қазақ елінен біржола кеткендердің 15 жастан асқандары – 7921 адамды,  құраса, ал, 15 жасқа дейінгілері – 2,6 мың бала мен жасөспірімдерден тұрады. Осылардың ішінде жоғары жалақы үшін түре көшкен техникалық білімді мамандардың қарасы 1,8 мыңның төңірегінде. 

Қазақ төлқұжатын өзге елдің азаматтығына алмастырғандардың ішінде 503 – қазақ, 7705 – орыс, 890 – неміс, 759 – украин, 271 – татар, 141 – поляк, 138 – белорус, 81 – өзбек, 73 – кәріс, 47 – шешен, 44 – әзербайжан және басқада өзге ұлт өкілдері бар.   

Алаш баласының шетелге аууы процесінде тек аралас некедегі және жалғыз басты орыс тілді қазақтардың қарасы басым.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5254