Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Өзгелер 7629 12 пікір 30 Тамыз, 2020 сағат 12:17

Путин не деп «мақтанды»?

27 тамызда Владимир Путин әлемдегі қазіргі жағдай туралы «Россия 24» телеарнасына ұзақ сұхбат берді. Ресей президенті кезекті сұхбатында Беларусьтегі революцияға және коронавирус пандемиясына қатысты мәселелерге тоқталды.

Путин көтерген бірінші тақырып - Беларусь жағдайы. Ол Ресей үкіметі көрші мемлекетте не болып жатқанын мұқият бақылап отырғанын, бірақ бұл жағдайға әлі белсенді араласпағанын атап өтті.

«Менің ойымша, біз өзімізді Еуропа елдеріне немесе АҚШ-қа қарағанда ұстамды ұстаймыз, бірақ біз онда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамаймыз», - деді ол. Ресей президенті сонымен бірге Беларусьте сайлауға аз уақыт қалғанда 33 Ресей азаматтары қалай осы елге барғаны туралы айтты.

Путиннің сөзіне қарағанда, бұл адамдар алданған: олар басқа Еуропа елдеріне баруы керек еді, бірақ арандатушыны ұйымдастырушылар оларды Беларуське «лақтырған». Путин бұл операцияны Украина мен Американың арнайы қызметтері ұйымдастырғанына сенімді.

Путин көтерген тағы бір мәселе - коронавирус пандемиясы. Оның айтуынша, Ресейдегі жағдай бақылауға алынды, бірақ тұрғындар қырағылық танытып, санитарлық нормаларды сақтауы керек.

«Қазір демалыс маусымы. Мұның бәрі кейбір елдерде аурудың өршуіне алып келеді. Ресей әлемдегі ең төменгі өлім-жітім тікелген елдердің бірі. Бұл біздің денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерінің көрінісі. Біз адамдардың өмірін алдыңғы қатарға қойдық. Жұмылдыру мен күш-жігер бізге аурудың шарықтау шегінен өтуге көмектесті. Мен азаматтардан вирустың әлі толық жойылмағанын есте ұстауды сұраймын», - деді Путин

Коронавирустық эпидемия барлық елдердің экономикасына кері әсерін тигізді, Ресей де бұл жағдайдан тыс қалмады. Алайда, Ресей президенті ең қиын кезеңнің өткеніне сенімді, сондықтан алдағы айларда ел өзінің экономикалық әлеуетін арттырады.

«Бүкіл әлемдік экономика эпидемияның ауыр зардаптарына тап болды. 2008 жылы ЖІӨ-нің төмендеуі 0,1% болған, ал қазір ол шамамен 5%-ды құрады. Айырмашылық өте үлкен! Бүгінгі күні біздің елде инфляциян 3,4-3,41% құрады. Барлық қиындықтарға қарамастан, резервтер өсіп келеді және бұл сенімділікті тудырады. Біздің мәселелеріміздің қиын кезеңі өтті және біртіндеп қалыпқа келе бастаймыз деп үміттенемін», - деп атап өтті Ресей президенті.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006