Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5618 19 пікір 7 Қыркүйек, 2020 сағат 14:52

Дариға Назарбаева саясатқа қайта орала ма?

Экс-президенттің тұңғыш қызы Дариға Назарбаева үлкен саясатқа қайта оралуы мүмкін деп жатыр, желідегі жұрт. Мұндай алып-қашпа әңгіменің ел арасында таралып жүргеніне біраз болған. Ал, жуырда kz.media сайты «Возвращается в политику?»  атты мақала жариялапты. 

Сайт мәліметінше, Назарбаеваның имиджі үшін жұмыс істеген PR мамандар Қазақстанға қайта келуге дайындалып жатқан көрінеді. Алдын-ала болжам бойынша, «Нұр Отан» партиясының сьезінде «партияны қалпына келтіру» жұмысын сәтсіз аяқтаған Бауыржан Байбек қызметінен босатылып, оның орнына Назарбаева келеді-мыс.

Сонымен қатар, Назарбаеваның саясатқа қайта оралуы мүмкін деген болжамды Лондонда қайтыс болған Айсұлтан Назарбаевтың қазасымен де байланыстыратындар бар екен.

Біз бұл мәселеге қатысты «Дат» гәзеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапидің пікірін білген едік.

Тоқаев Үкіметіне қайтып келуге Дариғаның өзі де мүдделі емес

Ермұрат Бапи:

- Бұл жөнінде Қазақстандық әлеуметтік желінің сегментінде жиі жазылып жатыр. Мен мұның екі мәні бар деп ойлаймын. Біріншіден, мұндай ойды Қазақстан қоғамына биліктің өзі таратуы мүмкін. Оның мәні - Дариға  Назарбаеваның билік иерархиясына қайтып келуіне көпшіліктің көзқарасын білу. Қазақшалап айтқанда қоғамның тамырын басып көру.

Екіншіден, шын мәнінде Ақорда мен «Кітапхананың» маңында Дариға Назарбаеваны билікке қайта әкелу жөніндегі бір жобалар жасалып жатуы да әбден мүмкін. Оның бірі әлеуметтік желіде жазылып жатқандай, Дариғаны «Нұр Отан» партиясына хатшы қылып қайтару жөніндегі әңгіме. Бұл да шындыққа жанасатын сөз. Себебі, алдағы Парламенттік сайлауда «Нұр Отан» партиясының құрамында Дариғаның қайтадан Парламентке оралу мүмкіндігі, әсіресе Кітапхананың» маңында жасалып жатқан жоба болуы мүмкін.

Ал, дәл қазіргі жағдайда Назарбаеваны биліктің басқа тармақтарынан көру мүмкін емес. Атқарушы билік те, Тоқаевтың Үкіметіне қайтып келуге Дариғаның өзі де мүдделі емес. Себебі, өте тереңге кеткен дағдарыс жағдайында атқарушы билікке қайтып келіп, Үкіметтің құрамында жұмыс істеу Дариға Назарбаева үшін опа беретін дүние емес.

Екінші жағынан, Айсұлтанның қазасына қатысты Дариғаның көңілін орнына түсіру үшін істелген әрекет болуы да мүмкін. Бірақ, меніңше оны билікке қайтару мәселесі Айсұлтанның қазасына қатысты деп айта алмаймын. Себебі, бізде көңіл айтудың, қапа болған отбасына ағайыншылық көмек жасаудың басқа да амалдары жеткілікті. Оның үстіне Дариға өте бай адам. Миллиардерлер қатарында. Сондықтан оның көңілін қызметпен жарылқау қисынға келетін сөз емес.

Бірақ, менің ойымша, Дариға «Нұр Отанға» келе ме, басқа қызметке бара ма оның келіп-кеткенінен қазақстандық қоғамға, Үкіметке ешқандай пайда жоқ. Себебі, Дариғаның қабілет-қарымы, деңгейі белгілі. Ол Қазақстандағы екінші адам лауазымына дейін көтерілді. Бірақ, соншалықты өзгерістер жасауға ықпалы болмады.

Әрине, оның Сенатта отырғанда жасаған соңғы мәлімдемелері қоғамда біраз әңгіме тудырғаны рас. Бірақ, ол қоғамның, елдің немесе мемлекеттің мүддесіне емес, өзінің құлдырап бара жатқан позициясын күшейтуге немесе керісінше Президенттің құзырындағы кейбір нәрселерді өзіне қарай тартып алуға жасалған әрекет.

Шын мәнінде, бізде Дариғадан да мықты мамандар жетерлік. Айман Тұрсынхан есімді мықты аналитик қаржыгер бар. Егер гендерлік саясаттың ықпалымен билікке әйелдерді тарту керек болса, Айман секілді қызмет етуге қарымы жететін әйелдерді шақыру керек. Ал Дариғаның келіп-кеткенінен кереметтей пайда жоқ.

Дайындаған Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394