Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3394 1 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 13:01

Жүйені іштен өзгерту

Қазір праймеризге бару себебін түрліше түсіндіріп/ақтап жатқандардың бір аргументі - жүйені іштен өзгерту.

1. Солай деп отырғандар ол жүйе іштен шіріп кеткенін ашық айтып отыр және оларды қабылдау арқылы партия өзі соған келісіп отыр.

2. Ол адамдар соншалық наивный. Жүйе өзгеруге ниетті, мүдделі дегенге шын сенеді. Хотя ол жүйе жиырма жылдан астам уақыт ешқандай өзгеріске мүдделі емес екенін дәлелдеумен ғана айналысып келе жатыр. Алда да тек сомен айналысады. Қайта кез келген өзгерістерді қуғындап, тұншықтырып отыр. Соны көріп тұрып соншалық наивный екеніне сенуге бола ма? Мен сенбеймін. Демек, келесі вариант қалады:

3. Ол адамдар таңдауын жасады. Тендері бар, басқасы бар, жалпы өзіне лояльды адамдарға жүйе беретін игіліктерді таңдады. Бірақ кезінде әділдік, заң, тәртіп талап етіп репутациясын біраз "бұзып" алған соң, келбетін де жоғалтып алғысы келмейді. Бір мезетте екі тарапта да не сүйкімді болғысы келеді, не кемінде бұрынғы аудиториясына қатты жексұрын болғысы келмейді. А вдруг, тендер алмай қалады или басқа, айқайлап қайтып келгенге жақсы. Өтіп кетсе де ертең сәлеміміз түзу болса дейді. Опшым, әпендінің әуресі.

Енді, адамдардың жүйені іштен өзгерту ниетіне сенген наивный бола қалайық та, олардың өзгерту ниетінде шансын ойлап көрейік.

1. Бір адамға қызмет етуге құрылған жүйені сол адам ғана өзгерте алады. Ол адамның вакансиясы әзірге бос емес.

2. Партияның саяси бүйрөсі де заң жүзінде өзгертуге қабілетті. Іс жүзінде ол партияда бір адам ғана шешетінін бәрі біледі. Сондықтан, тіпті бюросына кірген күннің өзінде өзгерту ықтималыңыз жоққа тең. Но, сонда да қиялдап көрейік. Ол бюроға сіздің кіру мүмкіндігіңіз қандай? Уот осы жерде нағыз "битва сперматозоидов" басталады. Яғни, сіздің кемінде млн конкурентіңіз бар. "Жүйені іштен өзгерткісі келетін" )

Сіз өзгертем деп қазір кіріп жатсыз. Сізге дейін кіріп алып, ол жүйенің тынысын, әр тамыр соғысын беске білетін қанша тәжірибелі партиец бар. Олармен бәсекеде шансыңыз қандай? Олардың ішінде Маминнің баласы, Папиннің қызы деген "алтын сперматозоидтар" бар. Полковниктің баласымен сұхбаты туралы анекдотты еске түсіріңіз. Ал олар как раз осы жүйенің өміршең болғанына мүдделі. Оның үстіне, тіпті тең бәсеке жасап бергеннің өзінде сіз қазірден бастап соноу бюросына жетем дегенше немереңіз пенсияға шығып кететін уақыт болады, әлгіндей конкуренттермен. Ал олар стартын кемі аудандық бөлімшенің бастығы боп бастаған. Сіз соған жетіп жығылсаңыз да риза болыңыз. Олармен бәсекелесе алатыныңызға шын сенесіз бе? Соншалықты наивныйсыз ба? Онда сіздің еміңіз жоқ. Ақ жол!

Төменнен өзгермейтін антидемократик жүйеге "өрмелеп шығып күн болам" дегендерің енді...

Сондықтан, құрметті Өзгерісмендер мен Өзгерісвумендер, өзіңізді алдап әуре болмаңыз. Бізді тем более. Біз ниетіңіздің ол емес екенін әу баста-ақ біліп қойғанбыз. Жәй ғана, таңдауымды жасадым. Қош бол, Гүлсары! - дей салыңыз.

Ғалымжан Оразымбеттің жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522