Жер саласында жемқор шенеуніктердің 3 алаяқ әрекеті
Біліп жүріңіз, жазып алыныз, сақтанып жүріңіз!
Біріншіден, жердің нысаналы мақсатын ауыстыруға қатысты әкімдіктің шенеунігінің ауызынан жердің нысаналы мақсатын ауыстыруға болмайды, мораторий деген сөзді халық көп естиді.
Одан кейін, шенеунік, бұл Мораторийге қарамастан "арнайы ақыға" (пара) ауыстырып беремін деген ұсыныс жасайды.
Сіз бұған келісіп, жинаған, терген ақшаңызды әкімдік не жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылыс бөлімінің жемқор қызметкерінің қолына ұстатаздар.
Біліп қойыңыздар, ешқандай Мораторий жоқ, ал айтып жатқан Мораторий бұл жемқорлардың ойдан шығарылған, сіздің қалтаңыздағы тырнақтап жинаған ақшаңызды қағып алудың амалы.
Жер кодексінің 49-1 бабында жердің нысаналы мақсатын ауыстыруға шектеу қойылмаған, нақты 49-1 бабына Мораторий белгіленбеген.
Егер де, жердің нысаналы мақсатын ауыстыру елді мекеннің Бас жоспары (Генплан) мен егжей-тегжей жобасына (ПДП) сәйкес болса, онда пара бермей, ресми кадастрлік құнын төлеп сіз жеріңіздің нысаналы мақсатын ауыстыра аласыз.
Бұл шенеуніктердің алаяқ алдауына түсіп қалмаңыздар.
Екіншіден, 10 сотық жерді тегін алуға үміткер азаматтар әкімдіктің шенеунігінің ауызынан, қайтадан "Мораторий" деген сөзді естиды.
Жер кодексінің 44 бабына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін тек, инженерлік тұрғыда әзірленген, яғни су және электр желілерімен қамтылған жерлер ғана беріледі.
Демек, жер өмір сүруге дайын болатындай су құбыры өткен, электр жүйелері орныққан, столбтары қойылып, кабелі өткен жерлер беріледі. Бірақ, бұл Мораторий емес, себебі Мораторий бұл заңның кейбір бабын уақытша тоқтату.
10 сотық жерді жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге Мораторий қойылған ба?
Әрине жоқ.
Бұл да жалған, негізсіз және миға сиымсыз дүние.
Мұнда да, әкімдіктің шенеуніктері Мораторий деп, азаматтарды "арнайы пара беруге" итермелеп, заңсыз тізімге тұрғызбай, тізімсіз дереу жерді табыстауды көздейді.
Сіз, олардың көмегімен арнайы есеп (тізімде) тұрмай тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алып, үйіңізді соғып бастайсыз. Ал тексерістің нәтижесінде анықталса, тиісті Әкімнің қаулысы, жалға алу шартыңыз бен мемлекеттік актініз сот шешімі нәтижесінде заңсыз деп танылады.
Үшіншіден, мысалыға айталық, егер де сізге әкімдіктің шенеуніктері жақындап, шаруа фермер қожалығына арналған 10 гектар жеріңді нысаналы мақсатын ауыстырып, оны 100 участокқа бөліп береміз.
Ешнәрсе төлемейсін, тек ауыстырғаннан кейін оншақты жеріңді біздің атымызға аударасын десе, бұл алаяқтық.
Себебі, жоғарыдағы іс әрекетін жемқорлар аяқтағаннын өзінде, жердің мақсатын өзгертіп, бөліп бергеннің өзінде, тексерістің нәтижесінде барлығы анық болып шығады. Біліп қойыңыз, егер де Бас жоспар пен егжей-тегжей жобасында көзделмесе, елді мекен шегіне оның кеңейуі аясында кірмесе, шаруа қожалықтан жеке қосалқы үй шаруашылығы мақсатына ауыстыруға тиым салынған.
Сонымен қатар, егер де ауылшаруашылық жеріңіз республикалық не облыстық маңызды бар қалалардың қала маңы шегіне кірмесе, онда жеріңізді бөле алмайсыз.
Бұнын барлығы кейін прокуратура немесе жер инспекциясымен тексерісі нәжесінде сотта заңсыз деп танылады.
Сондықтан да, алдаңбаңыз! Сақ болыңыз!
Бақытжан Базарбектің жазбасы
Abai.kz