Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзекті 5855 12 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 14:06

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери келісім не туралы?

Қазақстан мен Ресей арасында әскери ынтымақтастық туралы келісімшарт әзірленді. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. Аталған құжат президент Қ.Тоқаевтың қарауына жіберілген.  

Жаңа әскери келісімшарт Қазақстан мен Ресей арасындағы бірқатар мәселелер бойынша өзара әрекеттесу туралы келісімді көздейді. Сонымен келісімшарт бойынша:

- тараптардың бірі жүгінген жағдайда, тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерлерді (күштерді) пайдалануды бірлесіп жоспарлау;

- тараптардың бірі жүгінген жағдайда, аймақтық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұру;

- жедел және жауынгерлік дайындық;

- әскери білім және ғылым;

- терроризмге қарсы іс-қимыл;

- бітімгершілік қызмет;

- тараптардың өз аумағындағы әскери құрамаларының қызметін қамтамасыз ету,  әскерлердің (күштердің) қызметі және оларды жан-жақты қолдау;

- екіжақты құқықтық келісімшарт базасын жетілдіру;

- тараптардың әскери делегацияларының халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы аясындағы өзара іс-қимылы;

- мемлекеттік құпияны сақтау;

- мәдениет және спорт.

Қазақстан мен Ресей осы келісімшарт негізінде әскери саладағы стратегиялық серіктестіктің  үш жылдық кезеңге арналған бағдарламасын әзірлейді.

Келісімшартта тараптардың әскери барлау саласындағы ынтымақтастығы көрсетілген, бірақ тараптардың әрқайсысы қарсы тарапқа бағытталатын барлау қызметін жүзеге асырмауға міндеттеледі. Тараптардың формасы мен мазмұнына қарамастан, осы келісімшарт шеңберінде бір-біріне берген кез келген ақпараты басқа тарапқа зиян келтіру мақсатында пайдаланылмауы қажет.

Бұл келісімшарттың басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмағандығы және тараптардың басқа халықаралық келісімшарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейтіндігі аталып өткен.

Сонымен қатар, тараптар бірлескен іс-шараларды жоспарлайды және әскери нысандардағы іс-әрекеттердің салдарынан туындаған экологиялық проблемалардың алдын алу мен шешуде өзара көмек көрсетеді.

Тараптардың бірінің қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына қауіп төнген жағдайда, елдер дереу кеңесе келе, халықаралық құқыққа, соның ішінде 1992 жылдың 15 мамырындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың ережелеріне сәйкес бір-біріне қажет кез келген, соның ішінде әскери көмек көрсету үшін нақты іс-қимылды жүзеге асырады.

Айта кетейік, бұл келісімшарт  1994 жылдың 28 наурызындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімшарттың орнына әзірленген.

Жарлық жобасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылдың 25 мамырындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімшарттың және 2013 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімшарттың ережелеріне негізделген.

-Оның негізгі қағидаттары – одақтастық және стратегиялық серіктестік, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы, дауларды бейбіт жолмен шешу және күш қолданбау, тең құқықтық пен ішкі істерге араласпау қағидаттары,- делінген жарлықтың кіріспе бөлімінде.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395