Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 8343 7 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 13:23

Жүйе демократиялана түссе, жұрт оған сенуге әзір...

Кез-келген саяси партия үшін халықтың сенімінен артық байлық және бедел жоқ. «Nur Otan» еліміздегі жетекші саяси партия ретінде тұрғындардың абсолютті қолдауына ие. Дегенмен, әр өңірде деңгей әртүрлі.

Сарапшылар мұны өңірлердегі филиалдардың белсенділігімен тікелей байланыстырады. Осы ретте, Қазақстандағы білікті саясаттанушылардың бірегейі Айдос Сарым мырзамен сұхбат жүргіздік.

- Айдос мырза, әуелі Алматы қаласындағы праймеризге қатысушылардың белсенділігі туралы бағаңызды берсеңіз. Қанша дегенмен, өзіңіз осы қаланың тұрғынысыз.

- Алматылық кандидаттардың белсенділігі жоғары. Байқағаным белсенділер ақпараттық технологияның тетіктерін тиімді пайдалануда. Әрбір кездесулері туралы әлеуметтік желіге жариялап, артынша бейнематериал әзірлеп, тіпті сараптама жасап жатқандары да бар. Осы тұрғыдан алғанда Алматыдағы праймеризге қатысшулардың белсенділігін жоғары бағалаймын.

- «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы праймеризді қай деңгейде ұйымдастыруда. Сырттай бақылап жүрсіз бе?

- Мен өзім 2-3 кандидатты қолдап, кездесулеріне қатысып жүрмін. Себебі олар қоғамның қолдауына және саясаи әрі әлеуметтік ортада белсенді. Менің ойымша, ең көп кездесу өткізген адам, халықты сендіре сөйлеген адам көп дауысқа ие болады. Ал, қалалық филиал саяси науқанға сақадай сай деп есептеймін. Ең бастысы халықпен арада жақсы насихат жүргізген. Себебі, кездесулерге барғанда қарапайым азаматтар праймериздің не екенін, не үшін өтіп жатқанын айтпай-ақ түсініп отыр.

- Праймериз басталғалы әртүрлі әжуа әңгімелер көбейіп кеткені рас. Бұл осынау саяси додаға деген сенімге селкеу түсірмей ме? Жалпы қоғамда еш нәрсеге сенбейтін, бірақ ешқандай әрекет жасамайтын топтар көбейіп кетті деп ойламайсыз ба?

- Біздің қоғам тірі қоғам ғой және мүмкіндік іздеп отырған қоғам. Осы тұрғыдан алғанда праймериз үлкен мүмкіндік. Жақсы болсын жаман болсын 11 мың адам додаға түсіп отыр. Оның ішінде 78 пайызы осы уақытқа дейін «Nur Otan»да  болмаған адамдар.

- Демек, керісінше өзгерісті қалайтын, партияның бастамасына шын ықыласпен сенушілер қатары артты ғой?

- Әрине, өмірді өзгертісі келетін белсенділер ынты-шынтысымен бәсекеге түсуде. Жалпы, праймериздің ерекшелігі неде? Біріншіден жариялы түрде жар салынуда. Ойы бар саясаттан үміті бар азаматтар осыған түсіп жатыр. Кім көп рейтинг жинайды сайтта бәрі көрініп отырады. Сол азаматтарды тізімге қосып саламыз деп отыр. Бұл тұрғыда Алматы қалалық филиалы нәтижелі жұмыс істеуде. Әрбір кандидаттың кездесулері, дебаттағы сөйлеген сөздері желге ұшып жатқан жоқ.

- Алматы қаласының филиалының жұмыстарын өзге өңірлерге үлгі ретінде көрсетуге бола ма?

- Міндетті түрде. Себебі, Алматы алып шаһар. Мәдениеттің ғана емес, саясаттың да бастауы осы шаһар. Сондықтан, жылдар бойы қалыптасқан тағылымды тәжірибені бүгінгі басшылар заман талабына сай жаңғыртып отыр деп есептеймін.

- Сөз соңында праймеризден қандай нәтиже күтуге болады деген сауалға жауап берсеңіз!

- Праймериз туралы әңгіме шыққанда көптеген адам қарсы шықты. Ой бұның бәрі өтірік, «Нұр Отан» ешқашан өзгере алмайды деп. Бірақ, үгіт-насихат басталғалы бері халықтың көңіл-күйі жақсы жағына қарай өзгерді. Мысалы, Алматы қаласындағы кездесулерде халықтың қызығушылығы қатты екенін байқаймын. Себебі, сайлаушылар кандидаттармен кездесу кезінде үлкен пікір-талас жасайды. Сондықтан мұның өзі үлкен нәтиже. Жүйе демократиялана түссе жұрт осыған сенуге әзір отыр. Басты мәселе осы сенімді жоғалтып алмаулары керек. Праймериздің жемісі де, жеңісі де осы.

- Сұхбатыңыз үшін үлкен рахмет!

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371