Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3061 2 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 14:44

Қоныс аударушылар тұрақты тіркеудің машақатын көріп жүр

Парламент Мәжілісінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын құру туралы «Үкімет сағаты» өтті.

Мен аталмыш бағдарлама аясында жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ерікті қоныс аудару барысы жайлы сөз сөйледім.

Кейінгі жылдары жұмыс күші артық Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тұрғындары ерікті түрде жұмыс күші жетіспейтін Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аудару үстінде. Биылдан бастап қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер қатарына Ақмола және Қарағанды облыстары да қосылды.

Осы әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың арқасында Ресеймен шекаралас өңірлердегі демографиялық ахуал біршама жақсара түсті.

Дегенмен, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындары санының азаю үрдісі әлі де жалғасуда.

Мәселен, солтүстікқазақстандықтардың саны соңғы 20 жыл ішінде 160 мың адамға кеміп, қазір небәрі 547,7 мың адам болып отыр. Ал шығысқазақстандықтардың саны 20 жылда 139 мың адамға кеміп, бүгінде 1369,1 мың адам болып отыр. Бұл екі өңірге көшіп келушілерден көшіп кетушілер көп.

Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық ахуалдың күрделілігі айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Осыған орай аталған өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында арнайы қаралып, Үкіметке тиісті тапсырмалар берілген болатын.
Соның нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалып, іске асырылу үстінде. Мәселен, Қызылжар өңірінде 2019 жылдан бастап қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба қолға алынды.

Солтүстік Қазақстан облысында қалыптасқан жағдайға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше назар аударып, қолдау көрсетуінің арқасында өткен жылы бұл өңір арнаулы экономикалық аймақ болып айқындалды.

Жұмыс күші тапшы өңірлердегі демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында алдағы уақытта да ықпалды шаралар қолданылса, игі.
Сондай-ақ бізге жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіп барған қоныс аударушылардан өздеріне уәде етілген жалақының мөлшері іс жүзінде әлдеқайда аз болып шыққандығы жайлы арыз-шағымдар түсіп жатады. Бұған қоса, жақында Шығыс Қазақстан облысында қоныс аударушыларды қабылдау туралы жалған құжат жасап, миллиондаған теңге мемлекет қаржысын жымқыру фактілері әшкереленді. Осыған орай, қабылдаушы өңірлердегі жұмыс берушілердің қоныс аударушыларды қабылдауына және олардың шарттық міндеттемелерін орындауына жүйелі мониторинг жүргізген жөн.

Бұдан бөлек, қоныс аударушылар тұрақты тіркеудің машақатын көріп жүр. Атап айтқанда, олар өз отбасыларына мемлекеттік бюджеттен бөлінген материалдық көмек қаржысына тұрғын үй сатып алуларына болады. Алайда, олар өздері барған өңірде тұрақты тіркеуге тұрмаса, аталған қаржылай көмекті ала алмайтын болып шықты. Парадокс: тұрғынжайың болмаса, қайда тұрақты тіркеуге тұруға болады? Ал қаражатың болмаса, тұрғынжайды қалай сатып аласың?

Осындай тұйыққа тірелген қоныс аударушылар көшіп барған елді мекендердің тұрғындарына жалынып-жалбарынып, үйлеріне тұрақты тіркеуге қоюды сұрауға мәжбүр. Кей жерлерде қоныс аударушыларға аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметкерлері көмектескен екен. Олардың әрқайсысы өз үйіне бірнеше қоныс аударушыны тұрақты тіркеуге қойған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударушылардың көшіп барған өңірлеріне тезірек бейімделуіне теріс әсерін тигізіп отырған осындай бюрократиялық бөгесіндерді болдырмауы қажет.

Кәрібай Мұсырманның жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371