Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
8380 16 пікір 26 Қыркүйек, 2020 сағат 14:25

Нью-Йоркте өзбек тіліндегі мектеп ашылды

Нью-Йоркте өзбек тіліндегі мектеп ашылды. Бұл туралы newsroom.kz сайты мәлімдеді. 

«Нью-Йорктың Бруклин ауданында 19-қыркүйек күні ресми түрде өзбек тіліндегі «Ziyo Art» мектебінің ашылу салтанаты болды», – делінген Өзбекстан СІМ хабарламасында.

Ашылу салтанатын Өзбекстан елшілігі мен Нью-Йорк қаласындағы «Mahalla USA» -өзбек ұйымы ұйымдастырған.

Елшіліктің мәліметінше мектеп 16 Avenue О, Brooklyn NY 11204 мекен-жайы бойынша орналасқан. Мектепте «Өзбек тілі мен әдебиеті», «Этика», «Бейнелеу өнері», «Шахмат» және «Математика» пәндері оқытылады.

Сенбі және жексенбі күндері өзбек тіліндегі сабақтарды кәсіби мұғалімдер беретін болады. Олар арнайы Өзбекстан жіберген оқулықтармен білім беруге тиіс.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668