Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 5863 0 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 12:09

Оқу жылында 104 оқушы коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғаннан бері жүзден аса оқушы коронавирус жұқтырып алғанын айтты.

Министрдің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырған, оның 33-і кезекші сыныптарға барған.

«Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Оның 33-і – кезекші сыныптарда оқитын балалар. Олармен қарым-қатынаста болған 550 адам анықталып, оның ішінде 7 адамнан коронавирус анықталды. 71 бала – қашықтан оқып жүріп жұқтырып алған оқушылар. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам анықталып, ішінен 15 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр офлайн режимде 100 пайыз білім алған жағдайда байланыста болғандар саны кем дегенде 1500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мектеп қызметкерлері және отбасы мүшелері арасында науқастар саны өсуіне әкелетінін атап өтті. Осыған байланысты Алексей Цой аймақ басшыларынан коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қажетті шаралардың бәрін де қабылдауды өтінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320