Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді, әнші үздік бестіктің қатарына қосылды.
Бұған дейін Димаш Құдайбергенді MTV USA эфирінде көрсететіні хабарланған болатын. Ол бейнебаянын MTV-де қазақ тілінде көрсеткен алғашқы қазақстандық әртіс.
Видео MTV USA арнасында, ал АҚШ-тан тыс көрермендер үшін MTV-дің YouTube-тегі ресми арнасында қол жетімді.
"Бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне мұны жасауға көмектескендері үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің Dears-терімнің тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауы арқасында менің бала күнгі бір арманым орындалы. Мен өте қуаныштымын, сіздерге деген ризашылығым шексіз", - деді Димаш.
Қазақстандағы АҚШ елшілігі әртісті MTV арнасындағы дебютімен құттықтады.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Abai.kz