Сенбі, 23 Қараша 2024
2431 0 пікір 5 Қазан, 2020 сағат 11:51

Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан Трамптың жағдайы жақсы деді

Вашингтон жанындағы әскери госпитальда коронавирустан емделіп жатқан АҚШ президенті Дональд Трамптың жағдайы жақсы, 5 қазанда ауруханадан шығуы мүмкін. Осылай деп жексенбі күні мемлекет басшысын емдеп жатқан дәрігерлер мәлімдеді.

Олардың айтуынша, жұма күні таңертең президенттің дене қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлаған. Бірақ сенбіде жақсарып, дем алуы жеңілдеген.

3 қазанда Трамп "Твиттердегі" парақшасына төрт минөттік видео жариялап, жақын күндері сайлауалды кампаниясына оралатынын мәлімдеп, өзінің сауығып кетуін қалағандарға ризашылығын жеткізді.

Ак үй Трамп вирусқа қарсы ремдесивир дәрісін ішіп жатқанын және ауруханада барлық жағдайы жасалған президент бөлмесінде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлаған.

АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтеді. Оған Дональд Трамп пен Джо Байден қатысып жатыр. Трамп пен оның әйелі Мелания Трамптың вирус жұқтырып алғаны екі күн бұрын белгілі болған.

Бірқатар сарапшылар президент сайлауына бір ай қалғанда, АҚШ президентінің вирус жұқтырып алғаны, оның сайлау кампаниясына ауыр соққы болатынын айтып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364