Сенбі, 23 Қараша 2024
2829 0 пікір 5 Қазан, 2020 сағат 12:40

Түркістан облысында баланы ұрған видеодан кейін полиция қылмыстық іс қозғады

Түркістан облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде ер адамның балаларын ұрып жатқан видеосы тарап кеткеннен кейін қылмыстық іс қозғанын мәлімдеді.

Жексенбі күні әлеуметтік желіде жарияланған видеода ер адамның баланы аяусыз ұрып жатқаны түсірілген. Тағы бір видеода әкесі басқа ұлын сабап жатыр.

Бұл видео журналист Жазира Бегалының Facebook парақшасында жарияланды. Оның сөзінше, оқиға Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында болған. Қазір балалары мен шешелері үйінен қашып кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары әкесін жауапқа тартуға шақырып, полицияның әрекетсіздігін сынады.

Әлеуметтік желідегі наразылықтан кейін Қазығұрт ауданының полициясы балаларын ұрған ер адамға қарсы қылмыстық іс қозғанын мәлімдеді

Қыркүйек айында ішкі істер министрдің орынбасары Алексей Калайчиди биыл отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты полиция көптеген шағымға тиісті шара қолдана алмады деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, соңғы сегіз айда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 130 мың шағым түскен. Олардың тек 2,5 мыңына қатысты қылмыстық іс қозғаған, 30 мың іс әкімшілік қарауға жіберілген.

Қазір Қазақстан парламентінде отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту жөнінде заң жобасы қаралып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364