Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жары өмірден өтті
Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жары, белгілі ғалым Ажар Ілиясова қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Жазушылар Одағы хабарлады.
- Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшылығы қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің асыл жары, белгілі ғалым, химия саласына, ел өнеркәсібіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер Ажар Керешқызы Ілиясованың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен ағайын-туысының ауыр қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады.
Апамыздың жатқан жері жарық болғай! Алдынан жарылқасын!,- делінген мәлімдемеде.
Abai.kz