Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5057 3 пікір 7 Қазан, 2020 сағат 20:17

Қайтадан карантин енгізіле ме? Министр Цойдың үш сценарийі...

Елдегі эпидемиологиялық ахуал қандай? Қайтадан карантин енгізіле ме? ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тағы да үш сценарий ұсынды.

Ол Қазақстанда коронавирус эпидемиясы үш сценарий бойынша жалғасуы мүмкін екенін айтқан. Министрліктің бұл болжамдары апта сайынғы эпидемиологиялық көрсеткіштерге негізделіп жасалған.

«Ең пессимистік сценарий (яғни, ең нашар деген жағдайда) бойынша 60 пайыздық маска режимі сақталғанда, қазан-желтоқсан айларындағы індеттілер саны 190 мың адамға жетуі мүмкін. Бұның 65 мыңы ауруханаларға жатқызылады. Локдаун (қатаң карантин) желтоқсан айында енгізілуі керек болады.

Еңінші, реалистік сценарий бойынша әлеуметтік қашықтық пен маскалық режим 70 пайызға сақталса, қазан-желтоқсан айларындағы індеттілер саны 90 мың адамға жетуі мүмкін. Олардың 30 мыңы ауруханаларға жатқызылуы керек. Ал карантин қаңтар айында енгізілуі тиіс болады.

Үшінші оптимистік сценарий маскалық режим 100 пайыз сақталған жағдайда ғана болады. Қашықтық пен маска режимін 100 пайыз сақтасақ, қаңтарда мүлде карантин болмайды. Ал болжаммен індетіллер саны 40 мың адамға жетіп, олардың 15 мыңы ауруханаларға жатқызылуы тиіс болады», - дейді министр Алексей Цой.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387