Сенбі, 23 Қараша 2024
3386 12 пікір 7 Қазан, 2020 сағат 20:43

Назарбаев: Мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім арттым!

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абай аманаты» атты мақаласында өз өкілеттігін өз еркімен тапсырып беру туралы шешімді қалай қабылдағаны туралы айтыпты.

«Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді өз еркіммен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын ой тезіне, көңіл безбеніне тартып, асықпай, зер сала қарадым. Абайдың:

Бас басына би болған өңкей қиқым

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

... Бірлік жоқ, береке жок, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың, – деген өкінішін қайталамау қажеттігі тағы алдымнан шықты.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым», - депті Нұрсұлтан Назарбаев.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394