Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4721 0 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 12:32

Кез келген мемлекеттің басты байлығы - халқы!

Кез келген мемлекеттің басты байлығы, ол халқы. Жалпы халық болмаса, мемлекет те болмайды. Экономика мен саясат та тікелей демографияға байланысты. Өйткені барлығы да халықтың санына келіп тіреледі. Соған қарап жасайтын жобалар мен атқарылатын істердің де өлшемі шығады.

Қазақстанды алып қарасақ, халық санының өсу-кему динамикасы өте қызық. Біздің халқымыздың санына әлі күнге дейін 50-жылдарға дейін жасалған геноцидтік саясат әсерін беріп келеді. 1920-21 жылғы аштық, 1930-33 жылғы геноцид пен 1937-38 жылдардағы қудалау, 1941-45 жылғы кеңес-герман соғысы еліміздің халық санына кері әсерін берді. Қазақ халық ХХ ғасырдың басында әлемдегі ең ірі 30 халықтың арасында болса, 50-жылдары біз тіпті жүздікке де енген жоқпыз. КСРО саясаты мен ұлттарды езі, жаншу саясаттары біздің ұлтымызға үлкен трагедия болды.

1939 жылы қазақтың саны 37%, 1959 жылы өз жерінде небәрі 28%-ды құрады. Қазақстанда қазақтың саны 1979 жылы 36%, 1989 жылы 39% құрады. Тәуелсіздік алған соң, бұл динамика өзгерді. Оған бірнеше фактор әсер етті. Өзге этностар КСРО құлаған соң өз тарихи отандарына кетті, ал әлемге тарыдай шашырап кеткен қазақ халқы керісінше Атажұртқа ат басын бұра бастады. Аталмыш саяси процестердің нәтижесінде қазақтың саны келесідей өзгерді: 1999 жылы 53%, 2009 жылы 63%, ал 2020 жылдың соңғы мәліметіне сенсек еліміздегі қазақтардың саны 68% құрайды. 2019 жылы президент сайлауына байланысты бір жылға шегерілген халық санағы 2020 жылы пандемияның салдарынан тағы бір жылға кейінге шегерілді. Бірақ сарапшылардың айтуы бойынша халық санағы қазақтың саны 70-75% арасында екенін көрсетіп беретін болады дейді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында болатын санақта бұл жақсы көрсеткіш деп санаймын. 1989 жылғы санақта 39% көрсеткен халқымыздың саны екі есе өскен деп ойлаймын. Нақтысын санақ көрсетер. Демография шындығына келгенде барлық мәселені шешеді. Халықтың саны өскен сайын тіл, мәдениет, әдебиетті зерттеу өздігінен шешілетін болады.

Асхат Қасенғалидың жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512