Сенбі, 23 Қараша 2024
9532 25 пікір 6 Қараша, 2020 сағат 14:32

Сайлауға қай партиялар қатысады?

Орталық сайлау комиссиясы келер жылдың қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізімін жариялады. 

Комиссия мәліметінше, алдағы Парламент сайлауына 6 партия қатысады екен.

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партилауясына, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, «Бірлік» саяси партиясына, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға, Қазақстанның Коммунистік халық партиясына және «Nur Otan» партиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға рұқсат беру туралы 6 Қаулы қабылданды»,- делінген ОСК мәлімдемесінде.

Бұған дейін аталған партия өкілдері сайлауға қатысатындарын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Мәселен, 21 қазан күні «Ақ жол» партиясы өз мәлімдемесін жасады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстандағы жетекші саяси ұйымдардың бірі ретінде аталған сайлауға өзінің қатысатынын мәлімдейді»,- деген. Ал, партияның сайлауалды құрылтайы биылғы жылдың 20 қарашасында өтеді.

Одан кейін «Ауыл»  партиясы да Мәжіліс сайлауына қатысатындарын айтты.

«Біз Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан саяси партияның бірі ретінде осы саяси науқанға қатысуға толық құқылымыз...», - деді партия төрағасы Әли Бектаев. «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі 2020 жылдың 18 қарашасына белгіленген.

Ал, «Бірлік» саяси партиясы күні кеше саяси кеңес отырысын өткізіп, партияның ребрендингі мен атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді «Бірлік» партиясы «Адал» деп аталады.

«Біз ребрендинг бойынша зерттеу жүргіздік. Зерттеуді кәсіби әлеуметтанушылар өткізіп, олар 10-ға жуық нұсқаны қарады. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша көпшілігі «Адал» деген нұсқаны таңдаған. Мамандар мұны халықтың жаңаруға деген қажеттілігін, әділеттілікке деген сұранысын түсіндіреді дейді», - депті партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

Айта кетейік, бұған дейін аталған партия «Ауыл» партиясының құрамына қосылу туралы ұсыныс айтқан болатын. Бірақ, «Ауылдықтар»: «Бірлік» партиясының саяси белсенділігі төмен әрі кейінгі үш жылдың ішінде елдегі болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғаларға араласуда белсенділік танытпады», деп қабылдамапты.

Сонымен қатар, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да алдағы сайлауда бағын сынайды. Бұл туралы партия өкілі Тазабек Сәмбетбай әлеуметтік желідегі парақшасында ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжановтың мәлімдемесін жариялады.

«Сайлау арқылы мемлекетті басқару құқығы жүзеге асырылады, сондықтан кез-келген саяси партиялар сияқты ЖСДП да бұл процестерге қатысуы керек», депті партия төрағасы. Алдағы уақытта сайлау науқанын ұйымдастыруға қатысты партиялық шешім қабылданатын көрінеді.

Сондай-ақ, Қазақстан коммунистік халық партиясы да сайлауда бағын сынамақ. Бұл туралы партияның саяси бюро отырысында айтылған. Ал, партия сьезі 2020 жылдың 11-ші қарашасына белгіленіпті.

«Парламенттегі біздің 7 депутаттың бәрі сайлауға түседі. Олар жасқа қарамайды. Мәжілістегі ең жасы үлкен саналатын Косарев та қатысады. Менің Парламенттік сайлауға қатыспауға құқығым жоқ. Егер біздің партия жеңіп шыққан жағдайда Мәжіліске мен барамын ба, әлде басқа адам сайлана ма, оны съезд шешеді», депті Жамбыл Ахметбеков.

Сонымен қатар, билік партиясы саналатын «Nur Otan» осыған дейін праймериз өткізіп, партияішілік іріктеу жасаған. Аталған партияның съезі 25 қарашаға жоспарланған.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391