Сенбі, 23 Қараша 2024
2984 2 пікір 14 Қараша, 2020 сағат 13:22

Таулы Қарабақта қанша адам қайтыс болды?

Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақтағы гуманитарлық мәселелерді шешуге арналған кеңесте соғыс салдарынан төрт мыңнан аса адам қаза тауып, сегіз мыңнан аса адам жарақат алғанын мәлімдеді.

Ол Таулы Қарабақ аймағында гуманитарлық жағдай қиын екенін, қақтығыстар нәтижесінде гуманитарлық инфрақұрылым мен мәдени нысандар қирағанын айтты.

«Таулы Қарабақ ауданында күрделі гуманитарлық мәселелер туындады. Бұл туралы бізге қазір хабарланды. Соғыс салдарынан құрбан болғандардың саны, оның ішінде бейбіт тұрғындар арасында төрт мыңнан асты, сегіз мыңнан аса адам жарақат алды, босқындардың саны әр түрлі мәліметтер бойынша ондаған мыңға жетті. Азаматтық инфрақұрылым, көптеген мәдени нысан қирады», - деді Владимир Путин.

Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Владимир Путин, Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян 10 қарашада Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдемеге сәйкес, бірқатар аудан Әзербайжанның бақылауына өтеді, екі тарап тұтқындармен алмасады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485