Сенбі, 23 Қараша 2024
2700 0 пікір 19 Қараша, 2020 сағат 14:01

2021 жылы бюджет шығындары қайда жұмсалады?

Бүгін сенаторлар «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады.

Экономикадағы жағдай, үкіметтің болжамына сәйкес, келесі жылдың өзінде - ақ жақсара бастайды: ЖІӨ-нің нақты өсімі 2021 жылы 2,8%, 2022 жылы 3,7% және 2023 жылы 4,6% болады деп болжануда. Инфляция 4-6% аралығында болады деп күтілуде.

Мұнай өндірісі 2021 жылы 86 миллион тонна, 2022 жылы 89,6 миллион тонна және 2023 жылы 100,8 миллион тонна деп болжануда. Сонымен бірге консервативті тәсілді ескере отырып, мұнай бағасы 2021-2023 жылдары барреліне 35 доллар деңгейінде белгіленді.

Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді қоспағанда) 2021 жылы 6,9 трлн теңгені, 2022 жылы 8,5 трлн теңгені, 2023 жылы 9,2 трлн теңгені құрайды.

Кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы 2,7 трлн теңге, 2022 жылы - 2,4 трлн теңге және 2023 жылы - 2,2 трлн теңге көлемінде айқындау ұсынылады.

Сонымен бірге, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев атап өткендей, «республикалық бюджеттен ынтымақтастық зейнетақыларын, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін төлеуге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жіберу ұсынылады».

Ал, келесі 2021 жылы инфрақұрылымды дамыту, газдандыру және ауыз сумен қамту жұмыстарына бюджеттен 1,6 трлн. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бөлінген қаржының жартысынан астамы әлеуметтік салаға бөлінеді.

«Сыртқы нарықтағы күрделі жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы кешенді іс-шараларды қаржыландыру жалғаса береді. Бюджетті қарау барысында алдағы үш жылда азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілді. Соған сәйкес 2021 жылы бюджет шығындарының 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394