Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Осы ғой енді... 5661 7 пікір 30 Қараша, 2020 сағат 12:37

Министр Омаров неге үнсіз?

Бірнеше күн бұрын сайтымызда «Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығы төрағасы Алмасбек Садырбаевтың Ауылшаруашылық министріне қарата жазған мәселесін ұсынған едік.

Алайда Қазақстанның Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан ешқандай реакция болған жоқ.

Осыған байланысты Алмасбек Садырбаев өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында «Шошқа жеген» деген тақырыппен суреттер байқауын бастады. Байқау авторы ең үздік сөйлем жазған адамға 100 000 теңге сыйақы беретінін жеткізген:

«Құрметті ағайын!

Ақтөбедегі шошқа дауына қатысты айтқан пікірім аз уақыттың ішінде барлық әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде кең тарап, жүзден астам пікір келіп түсті. Белсенділік танытып, мені қолдаған ағайынға алғыс білдіремін!

Осы сәтті пайдаланып, мен өз атымнан «байқау» жариялаймын! Байқаудың мақсаты - халықтың үнін билікке жеткізу! Халықтың салығын арам емес, адал малға жұмсалуын бірге талап етейік!

Шарты оп-оңай. «Шошқа жеген...» деп басталатын сөйлемді аяқтап жазасыз. Ол сөйлемді «картонға» жазып алып тура мен секілді суретке түсесіз. Сосын оны фейсбук не инстаграмдағы парақшаңызға #арамшошқа #шошқағасубсидияжоқ деген хэштег пен менің парақшамды белгілеп, жариялайсыз.

«Лайк» саны маңызды емес. Ең креативті сөйлем авторының «kaspi» картасына Алмасбектің атынан 100 000 теңге сыйақы аударып жіберемін», - деген ол өз жазбасында.

Ал біз редакция тарапынан әлі де болса Қазақстандағы шошқа шаруашылығына қатысты министрліктің жауабын жариялауға дайын екенімізді білдіреміз.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963