Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
3506 1 пікір 30 Қараша, 2020 сағат 19:34

Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне Джен Псаки тағайындалады

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімін кім басқаратынын айтты.

Бұл бөлімдегі басты қызметтерге әйелдер тағайындалады. Команданы Кейт Бедингфилд басқарады. Ол бұған дейін Байден сайлау штабының қоғаммен байланыс бөліміне жетекшілік еткен.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне Байден Мемлекеттік департамент баспасөз қызметінің бұрынғы жетекшісі Джен Псакиді тағайындағысы келеді. Ол Обама – Байден әкімшілігінде істеген.

Джен Псаки 2011-2013 жылдары Барак Обаманың баспасөз хатшысы болды, одан соң екі жыл бойы Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі қызметін атқарды. Ал 2015-2017 жылдары Псак Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963