Бейсенбі, 15 Қазан 2026
Бірлігіміз жарасқан 10059 5 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 14:04

Жастар: «Түркі халықтары жалғыз емес!»

Ресей депутаттарының даулы мәлімдемесінен кейін Түрік жастары «Қазақстан жалғыз емес»,- деп ұрандап, бейне үндеу жасаған еді. Ал, күні кеше қазақ жастары сол үндеуге жауап ретінде, Тұран одағын құруды ұсыныпты. 

Қазақ жастарының бұл үндеуі белгілі қоғам белсендісі Оғыз Доғанның Youtube арнасында жарияланған.

«Біздің елімізге ақпараттық шабуыл болған кезде, біздің тағдырымызға бей-жай қарамайтын бауырлар қолдады. Түркі бауырластығы бөлінбейді. Бір-бірімізді қолдауымыз керек. Түркі халықтары жалғыз емес! Тұран бірлігі жасасын!»,- дейді қазақ жастары.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 999
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1347