Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
6611 7 пікір 3 Ақпан, 2021 сағат 11:11

Қазақстандық миллиардер Бельгияда қайтыс болды

Бельгияда белгілі миллиардер Алиджан Ибрагимов қайтыс болды. Бұл туралы АКИpress жазды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ибрагимов коронавирустық инфекциядан қайтыс болған. Ақпарат құралдары оның коронавирусты Қазақстанда жұқтырғанын айтады. Жағдайы нашарлағаннан кейін емделу үшін Бельгияға кеткен. Ол Тоқмоқта жерленеді.

Ибрагимов 1953 жылы 5 маусымда Өзбекстанның Ферғана облысында дүниеге келген. Ашық ақпарат көздері оның алты баласы бар екенін айтады.

2020 жылдың қазанында Forbes Kazakhstan Ибрагимовтың дәулеті 900 миллион долларды құрағанын жазды.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда түрлі-түсті және сирек металл өндіретін «Eurasian Resources Group» корпорациясының ірі үлескері. «Еуразиялық банк» АҚ-ның президенті болды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1142
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2671
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 789
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 759