Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3784 0 пікір 5 Ақпан, 2021 сағат 14:30

«Digital Almaty 2021». Мемлекет басшысы бейнеүндеу жасады

Мемлекет басшысы «Digital Almaty 2021» форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Аталған шараға ЕАЭО үкіметтерінің басшылары, Еуразиялық комиссия және ТМД атқару комитетінің жетекшілері, сонымен қатар, цифрландыру саласының сарапшылары мен мамандары қатысып жатыр.

Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі цифрландыру мәселесі жайындағы ойымен бөлісті. «Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде екенін жақсы түсінеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын және ауқымды деректерді талдауды дамыту туралы айтты. Бұдан бөлек Президент ЕАЭО елдерінің цифрлық ынтымақтастығы бойынша бірқатар өзекті бағыттарды атап өтті», - деп жазды Берік Уәли.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364