Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
6349 2 пікір 31 Наурыз, 2021 сағат 12:07

Өліспей беріспеген Барданов

30 наурыз күні Ресейдің ІІМ мен ФҚҚ өкілдері Мәскеу маңындағы Вешки елді мекенінде арнайы операция өткізді. Операция күштік құрылымдар ойлағандай тез іске аспады. Заңсыз қару сатты деп күдікке ілінген 61 жастағы Владимир Барданов берілуден бас тартып, арнайы жасаққа оқ жаудырды. Күдіктіні ұстау операциясы он сағаттан астам уақытқа созылды.

Владимир Бардановтың бірнеше ірі құрылыс компаниясы мен алып сатумен айналысатын дүкендері болған. Алайда ол өзінің байлығын заңсыз қару сатумен тапқан деген ақпарат бар. Бардановтың мемлекеттік салық органдарына 148 мың рубль қарызы болған.

Арнайы жасақ өкілдері Владимир Бардановтың үйіне келіп, оның жұбайына тексеру туралы арнайы жарлықты көрсеткен. Сол сәтте Барданов автоматтан оқ жаудырып, граната лақтырған. Үйге бекініп, берілуден бас тартқан. Он сағатқа жуық атыс жүргізіп, үйге кіретін барлық жолдарды жауып тастаған. Атыс барысында үй отқа оранды. Барданов соған қарамастан атысты жалғастырған. Алайда көп ұзамай өртенген үйдің арасынан оның денесі табылды.

Барданов атыс барысында арнайы жасақтың бір өкілін жаралап үлгерген.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 391
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1337
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 363
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 329