Сенбі, 23 Қараша 2024
12036 30 пікір 5 Мамыр, 2021 сағат 14:20

2024: Қазақстанның үшінші президенті кім болмақ?

2024 жылы елімізде президенттік сайлау болады. Қазақстанда үшінші тұлға президенттік тізгінді ұстауы мүмкін. 2024 жылы президенттік сайлау АҚШ пен Ресейде де өтеді. АҚШ сынды әлемдік держава мен Ресей сынды аумақтық державаның билігін кімдер ұстайтыны да қызық. Олда біздің сайлауымызға тікелей әсер ететін фактордың бірі. 

Президент сайлауы біз үшін қызықты әрі тартысты өтетіні анық. Оған бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, пандемия салдарын жою үш жылдың ішінде мүмкін емес, демек президенттік тартыс экономикалық дағдарыс уақытына тап келеді. Екіншіден, Елбасының саяси аренадағы салмағы дәл сол сәтте қандай болатынына да байланысты. Себебі президент Тоқаев басқарып отырған қазіргі кезеңде, сыртқы саяси тәуекелдерге Елбасының кепілдігі барын жоққа шығаруға болмайды. Үшіншіден, экономикалық дағдарыс саяси аренаға жаңа күштерді шығаруда. Демек алдағы үш жылда саяси бәсекелестікке қатысқысы келетін жаңа тұлғалар болуы мүмкін.

Үш жыл ішінде үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Себебі қазіргі жағдайды билік транзитінің толық көрінісі дей алмаймыз. Ол шындық. Бұл билік транзитінің тек иллюстрациясы ғана. Алдағы сайлауда екі ғана сценарий болуы мүмкін. Біріншісі, Тоқаев екінші мерзімге сайланып, өз реформаларын ары қарай жалғайтын болады. Бұл Елбасының саяси аренада қалу яки қалмауымен тікелей байланысты болмақ. Екіншісі, жаңа тұлға саяси билікті қолына алып, шынайы транзит басталады. Ол сәтте талай мемлекеттік бағдарламалар тоқтатылып, жаңа реформалар жасалуы мүмкін. Уақыт көрсетеді. Бастысы "үшінші президент кім болады" деген сұрақта.

Ка мырза

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371