Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3703 0 пікір 2 Мамыр, 2012 сағат 09:00

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: БОЖЕНКОНЫҢ ЗАРЫ, САРБӨПЕЕВТІҢ ЖАУАПТАРЫ...

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, Ақтаудағы соттың 26-жы және 27-ші сәуір күндері болған 23-ші және 24-ші сот отырыстарында куәларды сұрау жалғасып, соның ішінде өзінің бастапқы «Алпысбаев Қайрат» лақап атынан да, лақап атпен берген көрсетулерінен де бас тартып, ашық шыққан Боженко Александр және Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Сарбөпеев Орақ сұралған.

23-ШІ СОТ ОТЫРЫСЫ

 

Алғашқы сұралған куәлар - Жаңаөзен политехникалық колледжінің директоры Болатбаева Тілектес те, сол колледждің оқытушысы Қанатжанова Хадиша да өздерінің тергеу кезінде берген көрсетулерінен бас тартып, айыптау қорытындысынан үзінділер оқыған прокурорлар оларға қысым жасауға тырысқанымен, «16-желтоқсан күні алаңға барған 54 студентке мұнайшылар тарпа бас салып, қуып таратты» деген мағлұматты теріске шығарған.

Одан соң бұрын сұралмай қалған бес жәбірленуші сұралып, олардың төртеуі талаптарынан бас тартқан.

Әрі қарай 11 куә сұралған, олардың бесеуі - қосымша куәлар.

Боженко Александр, 1989 жылы туған, бұрын «Алпысбаев Қайрат» атымен куә болған, НГДУ-да жұмыс істейді.

Прокурор: Сотқа не білетініңізді айтып беріңіз.

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, Ақтаудағы соттың 26-жы және 27-ші сәуір күндері болған 23-ші және 24-ші сот отырыстарында куәларды сұрау жалғасып, соның ішінде өзінің бастапқы «Алпысбаев Қайрат» лақап атынан да, лақап атпен берген көрсетулерінен де бас тартып, ашық шыққан Боженко Александр және Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Сарбөпеев Орақ сұралған.

23-ШІ СОТ ОТЫРЫСЫ

 

Алғашқы сұралған куәлар - Жаңаөзен политехникалық колледжінің директоры Болатбаева Тілектес те, сол колледждің оқытушысы Қанатжанова Хадиша да өздерінің тергеу кезінде берген көрсетулерінен бас тартып, айыптау қорытындысынан үзінділер оқыған прокурорлар оларға қысым жасауға тырысқанымен, «16-желтоқсан күні алаңға барған 54 студентке мұнайшылар тарпа бас салып, қуып таратты» деген мағлұматты теріске шығарған.

Одан соң бұрын сұралмай қалған бес жәбірленуші сұралып, олардың төртеуі талаптарынан бас тартқан.

Әрі қарай 11 куә сұралған, олардың бесеуі - қосымша куәлар.

Боженко Александр, 1989 жылы туған, бұрын «Алпысбаев Қайрат» атымен куә болған, НГДУ-да жұмыс істейді.

Прокурор: Сотқа не білетініңізді айтып беріңіз.

Боженко: 15-желтоқсан күнгі таңда мен мастердің жұмсауымен алаңға киіз үй тігуге көмектесу үшін бардым. Кешкі 9-да үйге кеттім. 16-сы күні ертеңгілік бастығым телефон соғып, тағы да киіз үйлер маңайында көмектесуге жұмсады. Сонда жүргенімде кенет шу шығып, киіз үй иесі әжей: «Жиналу керек», - деді, оған көмектестім, сонсын үйге кеттім. Болған жағдайды өзімді асырап алған ата-анама айттым. 18-і күні көшеге шыққанымда ОМОНдықтар ұстап, ұрып-соқты. Алаңға апарып, тізерлетіп қойды да, «Не үшін?» дегеніме қарамай, тағы да ұрып-соқты. Одан соң мені және бірнеше адамды «Газельге» тепкілеп кіргізіп, полицияның гаражына апарды, аяқ киімді сыпырып алып, мұздай еденде 4 сағат бойы тұрғызып қойды. Мен шошынып, ішімнен дұға оқыдым, оларға өзімнің балалар үйінен екенімді айттым, тыңдамай, ұрып-соғып, қолымның білезігін сындырды, рентгенге түсірген бейнесі бар. Басым әлі күнге дейін ауырады. Босатқан соң Ақтаудағы ағама бардым, ол да шошынып, екеуміз полицияға арыз жаздық. Одан соң мені тағы да ұстап, прокуратураға апарды, Жанат Мұрынбаевқа көрсетуге мәжбүрледі. Мен онда: «Неге менің қолымды сындырды? Неге төрт сағат бойы жалаңаяқ мұздай еденде тұрғызды?» - деп сұрадым. Прокуратурада маған полицей Ерлан жолықты, ол менің алаңда киіз үй тіккенімді көрген болатын. Мен одан қамқорлық сұрап едім, ол көмектеспеді.

Боженко әлсін-әлсін қазақшадан орысшаға ауысып, кейде жылап, қиналып сөйлеген: «Құрметті сот, мен мұсылманмын, Жанатқа жала жаптым, енді оны бостандыққа шығару үшін аяғына дейін күресемін. Мен тіпті асырап алған ата-анаммен де ұрысып қалдым».

Прокурор: 15-желтоқсанда Жанат саған не деді?

Боженко: Амандасып, жұмыс туралы сөйлестік, ол маған табыс тіледі, мен оған ақша жағынан көмекетсем деп уәде бердім.

Прокурор: 16-сына алаңда не болды?

Боженко: Шу болды, бірақ мен ештеңе көрмедім, киіз үй жығуға көмектестім.

Адвокат Бисекешев: Сізді жауаптауға қалай апарды? Апарғандардың аттары есіңізде ме?

Боженко: Аттарын білмеймін.

Бисекешев: Полицей Ерлан туралы не айта аласыз? Ол сізді ұрып-соқты ма?

Боженко: Жоқ, ол менің саусағымның табын алғанда болды.

Бисекешев: Сізге неге ҚПК-нің 100-ші бабын қолданды?

Боженко: Өздері айтты, қолданамыз деп.

Бисекешев: Лақап атпен айтқандарыңызды сіз өзіңіз ойлап таптыңыз ба?
Боженко: Милиционерлер айтты, мен шошынған жағдайда болдым. Алдында мен тек Жанатты 15-іне көргенімді ғана айттым.

Бисекешев: Тергеуші кім болды?

Боженко: Білмеймін.

Бисекешев: Сізді ИВС-те ұрып соқты ма?

Боженко: 3 күн бойы, бұл тозақ азабы сияқты болды.

Бисекешев: Ұрған кім?

Боженко: Беттері жабық, олардың неге жасырынатынын мен түсінбедім.

Бисекешев: Сол полицейлерді таныр ма едіңіз?

Боженко: Негізінен олар ақтаулық полицейлер болды, біреуі маған: «Мен бір балалар үйінікін отырғыздым, сені де отырғызам. Сендер жақсылықты білмейсіңдер», - деді. Мен оған: «Мені асыраған сен емес, мемлекет», - дедім. Бір прокурор менен: «Сен балалар үйненсің бе?», деп сұрады, мен: «Ия», - деп едім, әлгі прокурор конвойшыға: «Дубинкаңды берші, мен онымен сөйлесейін», - деді, бірақ конвойшы: «Мен оны жеткізіп салуым керек, сондықтан бере алмаймын», - деді.

Бисекешев: Бұрын неге осының бәрін айтпадыңыз?

Боженко: Қорқтым, менің қолдаушым болмады.

Бисекешев: Сол полицейді танисыз ба?
Боженко: Түрін танимын.

Бисекешев: Сізді алып барған гараж жөнінде айтып беріңіз.

Боженко: Бұл ҚІІД-нің гаражы, жасыл есікті.

Бисекешев: Онда сіздің таныстарыңызы болды ма?

Боженко: Ия, балалар үйнен Сегеев Анатолий Сергеевич, тағы да жұмыстан таныстар болды, аттарын білмеймін.

Бисекешев: Сізді гаржда ұстағанда прокурорлар келді ме?

Боженко: Жоқ, көрген жоқпын. Онда бізге бір полицей болысты, ол тіпті: «Не үшін бұларды ұрсыңдар?» - деп айқайлап, біз үшін төбелесті де.

Бисекешев: Сотта лақап атпен көрсетулер бергенде қасыңызда кім болды?

Боженко: Хатшы қыз («Сонда болған сіз бе?» - деп соттағы хатшылардың біріне қараған), прокурор және полицей болды. Біз ІІБ-де болдық, 12-ші ықшамаудан сияқты. Сол күні мені бөлмеден прокурор алып шықты, ал хатшы қыз мені: «Қашып кетті», - деді. Прокурор: «Сен маған бәрін бүлдірдің, ашық сотқа барсаң, сені онда құртады», - дед. Мен: «Бәрібір барам», - дедім. Прокурор азаматтық киімде болды.

Бисекешев: Оның прокурор екенін қайдан білесіз?

Боженко: Өз айтты.

Бисекешев: Демек, онда үш адам, сенімен төртеу болболды ма?

Боженко: Ия. Мені «шындықты айтам» дегенімде бөлмеден алып шықты.

Судья: Содан соң Жаңаөзенге кетіңіз бе?

Боженко: Жоқ, кабинетте отырдым, бір сағаттай. Маған: «Сен еркек емессің», - деді.

Судья: Жаңаөзенге полицейлер әкетті ме?

Боженко: Ия. Менің көңіл-күйім болмады.

Судья: 24-сәуірде, лақап атпен көрсетулер бергенде, Жаңаөзеннен Ақтаға қалай жеттіңіз?

Боженко: 23-іне кешке жұмыста болдым, полицей Леха телефон соғып, 24-іне сот деді. Мен мастерге ескерту керек дедім. Леха шақыру болатынын айтты. 24-іне Леха телефон соғып, маған жолдың бойына шық деді. Жарты сағат күттім. Менімен аздап дөрекі сөйлесті.

Судья: Сені сол Леха әкелді ме?

Боженко: Ия.

Адвокат: 24-іне тағы да лақап атпен көрсетулер бергендер болды ма?

Боженко: Ия, бір балақай болды. Маған ол: «Шаршадым мынадан», - деді.

Адвокат: Сіз оны білесіз бе?

Боженко: Жоқ, оған: «Алла жар болсын», - дедім. Онымен бөлмеге полицей, прокурор мен хатшы кірді.

Адвокат Сарсембина: Қорқпайсыз ба? Енді арыз айта алатыныңызды білесіз бе?

Боженко: Ия.

Сотталушы Қалиев сөз сұраған: Құрметті сот, мен сізге мені өзге сотталушылар отырған жалпы камераға ауыстыруды өтінген болатынмын, ал мен әлі күнге жалғыз отырмын. Әлде мені қорқытқысы келе ме? Болды, мен енді қорқпаймын.

Судья: Бұған орай мен арнайы шешім қабылдаған жоқпын. СИЗОда болып жатқан жағдайлар изолятор әкімшілігінің өкілеттілігінде.

Қалиев: Ал СИЗО әкімшілігі бұл соттың қаулысы дейді.

Судья: Қайталап айтам, мен бұған орай ешқандай нұсқау берген жоқпын.

Сотталушы Мұрынбаев: Александр, сен еркексің, қорқпа. Рахмет саған.

Сотталушы Қойшыбаев: Сені тағы қалай ұрып соққанын айт.

Боженко: Кирзі етікпен тепкіледі, түнгі сағат төртте тұрғызып алып соқты. Жетібайлық полицейлер. Бұл бір тозақ болды.

Қойшыбаев: Онд Руслан болды ма? Ұрды ма сені?

Боженко: Ия, ол менің есімде қалды. Құрметті сот, мархаба, Жанатты босатыңызшы.

Судья: Жаксы.

Адвокат Бисекешев: Соттан куә Боженкоға қауіпсіздік шараларын қолдануды өтінемін..

Судья: Кімнен қауіпсіздік?

Бисекешев: Ол айтты ғой, полицейлердің ұрып-соққанын, олардан қорқатынын.

Судья: Сіз қандай мемлекетте тұрасыз? (залда шу шыққан: «Заңсыздықтар болып жатыр ғой!»), материалдарды прокуратураға тексеруге жібереміз. Полициядан қауіпсіздік шараларын қолданғанды қайдан көрдіңіз?

Адвокат Жуаспаева: Біздің барлығымыз куә Боженкодан естігеніміздей, лақап атпен жасырынған куә көрсетулер беретін бөлмеде прокурор мен полицей болған. Ал бұл куә «Алпысбаев Қайраттың», мүмкін, басқалардың да көрсетулері заңсыз деп мойындау жөнінде талап қоюға негіз береді. Мұны сот білді деп есептеймін. Бұл фактілерді назардан тыс қалдыру - заң бұзушылық, мұндай жағдайда мен тағы да судьяға сенімсіздік білдіруге мәжбүр боламын.

Судья адвокат Жуаспаеваның бұл мәлімдемесі бойынша тараптарды сұрады. Адвокаттар мен сотталушылар Жуаспаеваны қолдады.

Прокурор: Барлық ақпартты тексеру қажет. Кеше куә жылады, бүгін тағы біреуі жылады, бұл концерт емес қой (зал шулап кеткен, әлдекім: «Солай таяқ жегенде көрейік сені», - деген).

Прокурор: Бірақ біз тексеріс жүргізуге қарсы емеспіз, керісінше, осында куә ретінде іс жүргізген тергеушілерді шақыруды ұсынамыз. Асығудың қажеті жоқ. Шешім келісу бөлмесінде қабалдануы тиіс деп есептейміз.

Судья: Қазір көрсетуге баға бере алмаймын, талап-тілекті ашық қалдырамын.

Адвокат Жуаспаева: Құрметті сот, 11-сәуірде сенімсіздік білдіргенбіз, оған себеп болған - бізге сот отырыстары хаттамаларының не қағаз, не электронды нұсқадағы көшірмелерінің берілмеуі болды. Куә Боженконы сұрау жоғалып кетуі мүмкін, сондықтан бүгінгі сот отырысы хаттамаларының көшірмелері берілуін талап етемін.

Судья: Сіз үнемі отырыстар хаттамаларының көшірмелерін сұрйсыз, бірақ бұл заңда қарастырылмаған. Олармен таныса аласыз, бірақ 18:00-ден кейін.

Прокурор: Біз тағы да тергеушілерді куәлар ретінде шақыру жөнінде талап-тілек етеміз.

Адвокат Батиева: Прокурорлардың талап-тілегін қанағаттандырусыз қалдыруды өтінемін. Арнайы органдар бар, солар тексерсін. Ол тергеушілер бәрібір ештеңені мойындамайды, процесті соза берудің не қажеті бар.

Сотталушалар мен адвокаттар түгел оны қолдаған. Сот мемлекеттік айыптау тарапының талап-тілегін қанағаттандырусыз қалдырған.

Одан соң сұралған куәлар Бегіншев, Оғланов, Қалиев тергеуде берген көрсетулерін қайталаған, ал куә Сарғұлова Дәмеш бірнеше сотталушыға, соның ішінде Парахат Дүйсенбаевқа қарсы берген көрсетулерінен түгел бас тартқан.

Ереуілге қатысқан мұнайшы, қазір УБР-де жұмыс істейтін куә Жолдас Есқұлов тергеу кезіндегі көрсетулерін қайталап, «15-желтоқсан күні алаңда Таңатар Қалиевтің мас күйінде Жанарбекпен жағаласқанда оларды айырғанын, Роза Төлетаева екеуі оның автокөлігінде отырған кезде Дінжанов Бердібек келіп: «Гараждан 30 шөлмек бензин алып келейік», - дегенде, баруға келіспегенін, Қалиевтің: «Қазір мен киіз үйлерді өртеймін!» - деп айқайлағанын» айтып берген.

Сотталушы Қалиев: Жолдас, айтшы, сен ИВС-те қанша уақыт болдың?

Есқұлов: 72 сағат.

Қалиев: Онда сені ұрды ма?

Есқұлов: Ия, шамалап. Қорқытты. Кеудемнен, жақтан ұрды.

Адвокат Досболов: Сізді не үшін ұрып-соқты?

Есқұлов: Олар шындықты айтуды талап етті, қасымызда ҰҚК-ден екеу болды.

Адвокат Батиева: Қалиев жөнінде көрсетулеріңізді нақты қай кезде бердіңіз?

Есқұлов: ИВС-те болған 72 сағаттың ішінде.

Сотталушы Әспентаев: Жолдас, шындықты айт, отбасы жалғыз сенде ғана емес қой. Мүмкін, сені ұрып-соғып, осылай сөйлеткен шығар?

Есқұлов: Ұрып-соқты, бірақ мен шындықты айттым.

Ең соңынан сұралған қорғаныс тарапының қосымша куәсі Пястолов Александр Иванович сотталушылар «ӨзенМұнайГаз» кеңсесін өртеуге мүдделі болмағандықтан, олардың кінәсіздігіне сенімділік білдірген. Оның айтуынша, бұған ӨМГ-нің басшылығы мүдделі болған.

Пястолов: Мейрам күндері ӨМГ кеңсесінде 20 шақты адам болды, өрт тура бухгалтерияда басталды. Татуластыру комиссия анықтағандай, статистика органдарына орташа айлық жалақы 360 мың теңге деген мәлімет беріліп, ал, қол қойылған ведомостерде («жировкаларда») 160 мың теңге көрсетілген.

Демек, оның пікірінше, ай сайын әр жұмысшыдан 200 мың теңге «жұтқан» қосалқы бухгалтерия жүргізіліп отырған. Өз сөзінде Пястолов сотталушы мұнайшыларды «бұрынғы жұмысшылар» демей, олардың жұмысқа қайта тұруға толық құқығы бар екендігін айта келе: «Кімдерді өлтірді, тек солар ғана бұрынғылар», - деген.

Роза Төлетаева: Сіз бухгалтерлік құжаттардың жойылуына жұмысшылардың мүдделі болмағандығына неге сенімдісіз?

Пястолов: Өйткені мен ӨМГ кеңсесінде заңсыз жүрген адамдардың құжаттарды әдейі жойғандығына тікелей сенімдімін.

Пястолов ұзақ сөйлеген және сотталушылар оны аяғына дейін тыңдауды талап еткен, алайда куәні судья тоқтатқан.

Отырыс аяғында адвокат Жуаспаева лақап атпен сөйлейтін куәлардың анкеталық мәліметтерімен өзін таныстыру жөнінде талап-тілек жасап, оған алынған міліметтерді жария етпейтіндігі туралы қолхатты қоса тіркеген. Және, бұрын да адвокаттар тарапынан жасалып, бірақ қанағаттандырусыз қалдырылған бұл талап-тілекті судья қанағаттандырып, жұрттың барлығын таң қалдырған! Ал сағат 14:00-ден кейін адвокаттарға отырыстар хаттамаларымен танысу мүмкіндігін беру үшін келесі күнге дейін үзіліс жариялаған.

 

24-ШІ СОТ ОТЫРЫСЫ

 

27-ші сәуір күні ертеңгілік сот залы адамға лық толған және гуілдескен жұрт ауызынан жиі-жиі «Ешманов, Сарбөпеев» есімдері естіліп жатқан. Өйткені бүгін сот процесінде осы адамдардың, яғни, ӨМГ-нің экс-басшысы мен Жаңаөзен қаласының экс-әкімі тыңдалатындығы белгілі болған.

Сот отырысының басында адвокат Жуаспаева қосымша куә Маржан Аспандиарованы сұрау жөнінде талап-тілек жасаған.

Судья: Ол сотқа не хабарлай алады?

Жуаспаева: Оның қолында іске қатысты құжаттар бар, соны жария етеді.

Судья: Тараптар пікірі?

Адвокат Батиева: Адвокат Жуаспаева ол қандай құжаттар екенін айтсын.

Сотталушылар Жуаспаеваның талап-тілегін қолдаған.

Прокурорлар: Ол қандай құжаттар екенін адвокат Жуаспаеваның өзі де білмейді. Қанағаттандырмауды өтінеміз.

Сот талап-тілекті ашық қалдырған.

Сотталушы Әбдірахманов: Құрметті судья, бұлтартпау шарасын өзгертіп, мені ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен шығаруыңызды өтінемін.

Судья: Тараптар пікірі?

Адвокаттар мен сотталушылар қолдаған, прокурорлар қарсы болған.

Сотталушы Дүйсенбаев: Құрметті судья, сіз бізді тексеру үшін дәрігерлер келеді деген едіңіз, бірақ біз оларды әзір көрмедік.

Судья: СИЗОда дәрігерлік бөлім бар, сонда барыңыз, олар барлық қажет шараларды қолданады.

Судья: кеше менің адвокаттарға дыбыс және бейнежазбалармен танысуға рұқсат еткенім белгілі. Маған ноутбуктердің бірінен өткен отырыстардың дыбыс және бейнежазбалары табылғанын хабарлады. Кейін ол компьютердің адвокат Жуаспаеванікі екендігі анықталды. Ал мен мұндайға тыйым салғанмын, сондықтан осыған орай акт жасадық.

Жуаспаева: Мен мәлімдеме жасаймын - неге менің рұқсатымсыз менің компьютерімнің ішіне кірген? Мен үзіліске кетерде ноутбугімді осында қалдырғанмын.

Судья: Жарайды, біз тексереміз. Бірақ сізге ескертемін - егер бұл жазбалар интернетке шығатын болса, оларды сіз шығардыңыз деп есептейміз. Қосымша куә Сарбөпеевті шақырыңыз.

Конвой шашы тықырлап алынған экс-әкімді алып кірген.

Адвокат Батиева: Сіз қай кезден әкім болдыңыз?

Сарбөпеев: 2009 жылдың 20-ақпанынан.

Батиева: 15-16-желтоқсан күндері болған оқиғалар жөнінде не білесіз?

Сарбөпеев: Біз Тәуелсіздік Күнін өткізуге көптен дайындала бастадық. Алаңда тулардың екі жағынан киіз үйлер орнатуды ұйғардық. Бірақ алаңда жігіттер болды, олардың да өз шындығы бар, сондықтан келіссөз жургізуді шештік. Олар маған: «Әкім мырза, мүмкін, киіз үйсіз-ақ болар?» - деді, мен: «Шешім қабылданды, тігеміз», - деп жауап бердім. 15-іне киіз үйлер иелерімен сөйлесуге тура келді, өйткені олар өз мүлкі үшін қауіптенді. 10-15 адамды әкімдікке шақырып, кепілдік бердім. «Мұнайшылар ешкімге тиіспейді, олар жеті айдан бері тәртіп сақтап келеді», - дедім. Жиналыста түрлі цифрлар айтылды, ақыры екі миллион теңгеге тоқтап, кепілдік хаттар дайындадық. 15-інен 16-сына қараған түнде алаңға бардым, тыныш болатын. 16-сына таңертең облыс әкімінің 1-ші орынбасары Айтқұлов, облыстық ҰҚКД бастығының орынбасары, ҚІІД бастығы келді. Әрине, дайындалып жатқан арандатулар жөніндегі сыбыс бізге де жетті, содан 2-3 күн бұрын түскен арызда бір топ мұнайшы да сондай ескерту жасаған болатын. 9:30-дар шамасында «Энергетик» спорт кешенінің жанында мектептер мен колледждер оқушылары жиналып, сағат 10-да колонна болып алаңға жақындады. Біз Айтқұлов екеуміз де сол кезде шығуға тиіс едік. Адам көп болды. Біз сахнаға беттедік. Артыма қарап, бір түсініксіз қозғалыс байқадым, бірақ мән бермедім. Концерт басталды. Кенет айқай естілді. Әлдебір адамдар сахнаға қарай жүгірді, бет-жүздерін ажырата алмадым, көп-ақ. Полицейлер шебі оларды тоқтата алмай, әлгілер турникетті төңкеріп кетті. Біз сахнаның сырт жағынан түсіп, қалалық білім бөлімінің мәшанасына отырдық та, әкімдікке кеттік.

Сонда шыршаны өртегендігі туралы мәлімет алдық. Терезеден «Аруана» қонақ үйіне, ӨМГ-ге қарай жүгіріп бара жатқандарды көрдім, арасында «ҚазМұнайГаз»-дың арнайы киімін кигендер болды. Қолдарында таяқтар, неге екенін, маған тамызыққа пайдаланатын отын сияқты болып көрінді. Әкімдікке шабуылдайды деп ойламағам, бірақ терезе әйнегінің сынған дыбысы, одан соң жүгірген адамдар дүрсілі естілді. Біз Айтқұлов екеуміз алдымен демалыс бөлмесінде жасырындық, одан соң есігі мықты бір кішкене бөлмеге ауыстық. Сонда отырып, түтін иісін сездік. Дауыстар бірде жақындап, бірде алыстап кетеді. Ұзақ уақыт шыға алмадық, сонсын мүмкіндікті пайдаланып, өрт сөндіру жолы арқылы төбеге көтеріліп, шахтада отырдық. Сағат 11-лер шамасы болса керек, автоматтан оқ атқанын естідік. Ауаға отқан болар деп ойладық. K'Cell байланысы үзіліп қалды, бірақ Билайн істеп тұрды. Полициямен байланыстық. Айтқандай, 14-15-теріне Жаңаөзенге 100 шақты полицей келгенін білетінмін. Сағат 19-дарда полицейлер келіп, бізді алып шықты. ҚІІД-де маған кабинет бөліп беріп, сонда отырып жұмыс істедім.

Батиева: Сіз басшылыққа еңбек тартысы жөнінде жаздыңыз ба?

Сарбөпеев: Жоқ, бірақ ауызша баяндағам.

Батиева: Неге жазбаша емес, сіз мемлекеттік қызметкерсіз ғой?

Сарбөпеев: Басыма келмепті.

Батиева: Араағайын, еңбек тартысы бойынша мамандар шақыру жөнінде ынта білдірдіңізбе?

Сарбөпеев: Бұл былай болды. Ереуіл басталып кеткен кезде Жаңнаөзенге бір шетелдік әйел келді, американдық қой деймін, сонымен әңгіме үстінде біз келіссөздер бойынша мамандар туралы айттық, мен тіпті келіссөзшілдер табуды өтіндім ғой деймін. Міне, осыдан кейін араағайындар жөнінде идея пайда болды. Солар ретінде Пястолов, шахтерлар, «Алға» партиясының заңгері, Серік Сапарғали болды. Кейін бұл мәселе пікірталас клубында талқыланды, атын ұмыттым («Самұрық-Қазына» жанындағы клуб болса керек. - Ж.Қ.).

Батиева: Неге америкалықты күту қажет болды, жалпы араағайындар жөнінде қайда айтылды?

Сарбөпеев: Бұл әншейін менің идеям болды. Ереуіл кезінде көптеген адамдар келіп жатты ғой, мұнайшылар үшін бір пайда болсын дедім.

Батиева: Бұл идеяның бәрін басқа жаққа бұрып әкетуі мүмкін болғанын сіз ойламадыңыз ба?

Сарбөпеев: Жоқ, олай ойламадым, тек шешім тапқым келді.

Батиева: Жағдай үшығып тұрғанын білсеңіз де, сіз киіз үйлер иелеріне кепілдіктер бердіңіз. Кімнің атынан?

Сарбөпеев: Әкімнің атынан. Бәлкім, өкілеттілігімнен асқан шығармын, түсінем. Мен мұнайшылардың арандатуларға бармайтындығына сенімді болдым, қазір де сенімдімін. Менің өзім де институт бітірген соң 15 жыл мұнайда істедім ғой.

Батиева: 15-іне әкімдіктегі жиналыста кімдер болды?

Сарбөпеев: Өзіміз болдық.

Батиева: Полиция болды ма?

Сарбөпеев: Жоқ.

Батиева: Киіз үйлерді неге тас табанға тіктіңіздер?

Сарбөпеев: Бұл менің идеям болатын. Мен тапсырдым, одан әрі тек орындады. Маған айтқан, топыраққа тіккен дұрыс деп, бірақ мен қорқынышты ештеңе жоқ дедім.

Батиева: Дегенмен, неге тас табанға? Қазақтардың киіз үйді тастың үстіне тікпейтінін сіз білесіз ғой?

Сарбөпеев: Тас табанға болмайды деп қайда жазылған? Оның асты да топырақ қой.

Батиева: Қоршау (оцепление) қайда тұрды?

Сарбөпеев: Сахна мен шырша арасында.

Батиева: Неге дәл солай?

Сарбөпеев: Бұл полицияның шешімі болса керек.

Батиева: Сіздер неге қоршаумен мұнайшыларды бөліп тастадыңыздар?

Сарбөпеев: Олар парадқа қатысушыларға ықпал етеді дегесін.

Батиева: 15-іне қопарылған тастарды көрдіңіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ.

Батиева: Келесі күні ше?

Сарбөпеев: Жоқ, бірақ кейін сынған тас түйірлерін көрдім.

Адвокат Бисекешев: Нақты кім киіз үйлерді тулар арасына қоюға кеңес берген?

Сарбөпеев: Есімде жоқ.

Бисекешев: Өткен жылдары алаң жанында көгөніс, азық-түлік сататын жәрмеңке өткізіліп пе еді?

Сарбөпеев: Жоқ.

Бисекешев: Олай болса, нақ сол жерлерге көгөніс, азық-түлік тиелген 20 КамАЗ қоюдың қандай қажеті болды?

Сарбөпеев: Адамдарға сол жерден сатып алу оңай болады деп ойладық, қаланың ортасы ғой.

Бисекешев: Мұнайшылар сіз 15-і күні оларды қорқытты деді. Рас па?

Сарбөпеев: Есімде жоқ.

Бисекешев: Сіздің пікіріңізше, мұнайшылардың жалақыны 1.7, и 1.8 коэффициенттерімен төлеу жөніндегі талабы заңды ма?

Сарбөпеев: Заңды.

Бисекешев: Жалақыны көтеру сіздің өкілеттілігіңізге жата ма?

Сарбөпеев: Мен жалақыны көтеруді қолдадым.

Бисекешев: Сіз мұнайшылардың тәртіпсіздіктер дайындап жатқанын сездіңіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ, нақты ештеңе естіген жоқпын, бірақ тәртіпсіздіктер туралы сыбыстар болды.

Бисекешев: 16-сына мұнайшылардан алаңда нақты кімдерді көрдіңіз?

Сарбөпеев: Есімде жоқ.

Бисекешев: Сіз 16-сына 19:00-ге дейін әкімдіктің төбесінде отырдыңыз, бірақ қалай? Ғимарат өртеніп жатты ғой?

Сарбөпеев: Шахтада, Айтқұловпен.

Бисекешев: Ал әкімдік қызметкері Қатира?..

Сарбөпеев: Ол өзінің екінші қабаттағы кабинетінде болған, кейін терезеден секірген.

Бисекешев: Шолақ мылтық ұстаған адамдар көрдіңіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ.

Бисекешев: Өртеніп жатқан киіз үйлерді көрдіңіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ.

Адвокат Әлібиев: Сіз ереуілдегі мұнайшыларға көмектестіңіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ, мен олайға қалайша көмектесем? Бірақ коэффициенттің заңдылығы жөнінде оларға айтып, ауызша көмектестім.

Әлібиев: Менің айтып тұрғаным әлеуметтік көмек, мәселен, балалар үшін?

Сарбөпеев: «Мектепке барар жол» акциясы шеңберінде біз нашар қамтамасыз етілген отбасыларының, соның ішінде ереуілшілердің балаларына да көмектестік. Жіне мен банкілердің несиелер бойынша пайыздар төлеу мерзімін шегеруін өтіндім.

Әлібиев: Ал «Жарылқау» қоры арқылы көмектесуге болатын ба еді?

Сарбөпеев: Ол жеке қор , оның белгілі мақсаттары бар - мүгедектерге, қарртарға көмектесу. Оқша ҚМГ-дан түсіп тұрды, сондақтан біз оны ереуілшілерге көмекке бағыттай алмайтын едік.

Әлібиев: Сіз киіз үйлер үшін ақша төлеуге тырыстыңыз ба?

Сарбөпеев: Ия, тырыстық, киіз үйлер иелерінің тізімін жасай бастадық. Барлығы өртеніп кеткен жоқ қой. Сараптама жүргізу керек болды, 2 миллион - олардың айтуы ғой. Интернетте киіз үйлердің құнын анықтай бастадық.

Әлібиев: Сіз ікімдікте отырған кезде телефон соқтым дедіңіз. Нақты кімге?

Сарбөпеев: Мен емес, Айтқұлов, ҚІІД-ге телефон соқты.

Әлібиев: Сіз атысты тоқтатуды талап еттіңіз бе?

Сарбөпеев: Адамдарға атып жатыр деп ойлаған жоқпыз, аспанға атты деп ойладық.

Адвокат Тасқынбаев: Сіз ереуілшілерге алаңда палаткалар қоюға рұқсат бермедіңіз.

Сарбөпеев: Олардың жазда ыстықтан, қыста суықтан қорғанғысы келгенін білдім, бірақ бұл қала орталығы ғой.

Тасқынбаев: 100 полицей қайдан келді?

Сарбөпеев: Мен олардың 14-15-іне келгенін білдім, бірақ қайдан екенін білмеймін.

Тасқынбаев: Оларды орналастырумен, тамақтандырумен кім айналысты?

Сарбөпеев: Олардың бірнеше шағын қонақ үйде, бірқатары туыстарында орналасқанын білемін, тамақтануды ӨМГ ұйымдастырды.

Тасқынбаев: Оқиғалардан кейін комиссиялар құрылды ма?

Сарбөпеев: Ия, екеуі. Біреуін облыс прокурорының орынбасары басқарды, екіншісіне қалалықтар, үкіметтік емес ұйымдар кірді.

Тасқынбаев: Қанша адамның ұсталғанын, жарақат алғанын кімге баяндады?

Сарбөпеев: Білмеймін, маған баяндаған жоқ.

Тасқынбаев: Сіздің пікіріңізше, орын алған тәртіпсіздіктер үшін кім кінәлі?

Прокурор: Біз қарсымыз, кімнің кінәлі екенін куә айта алмайды.

Адвокат Таскынбаев: Жәй өз пікіріңізді айтыңыз.

Сарбөпеев: Сірә, бәрі кінәлі шығар. Сірә, мен де кінәлі шығармын. Мен әкім болып туған жоқпын ғой. Ия, мұнайшылармен ұрысқан кездерім де болды, бірақ татуласуға тырыстым. 14-15-желтоқсанда мен полицейлерден сұрадым, бірақ олар да бәрі жақсы болатынына сенімді болды. Мұнайшыларды кінәламаймын. Үшінші күш болды деп ойлаймын. Менің тәртіпсіздіктерге қатысым жоқ.

Тасқынбаев: Әкімдіктегі өртке қарсы жабдықтар жөнінде не айта аласыз?

Сарбөпеев: Өрт сөндірумен ешкім айналысқан жоқ.

Адвокат Батиева: Сіз 1.7 және 1.8 коэффициенттерін төлеу туралы талаптарды мансұқтау қасіретке алып келді дедіңіз...

Сарбөпеев: Ия.

Батиева: Ендеше неге мәселені заң бойынша шешуге тырыспадыңыз?

Сарбөпеев: Тырыстық.

Батиева: Хат жаздыңыздар?

Сарбөпеев: Татуластыру комиссиясының жұмысы кезінде хаттамалар толтырылда, онда менің қолым бар.

Батиева: Сіз ереуілшілердің заң білместігін пайдаланған жоқсыз ба?

Сарбөпеев: Жоқ.

Адвокат Бисекешев: Киіз үйлер иелері оларды 15-іне алаңнан шығармай ұстағаны туралы айтты.

Сарбөпеев: Мен ондай нұсқау берген жоқпын.

Адвокат Батиева: Сіз Талғат Сақтағановтың шетелге барғанын білесіз бе?

Сарбөпеев: Ия, білем.

Батиева: Неге онымен жолықпадыңыз? Ол нақты еңбек тартысы бойынша барды ғой ол жаққа.

Сарбөпеев: Басыма келмепті.

Батиева: Сіз айтқан үшінші күш сіздің адамдар емес пе?

Сарбөпеев: Жоқ.

Адвокат Жаменов: Сіз Жұмағалиев Мұратбайдың: «Заң қайда? Әділет қайда?» - деп айқайлағанын естідіңіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ.

Сотталушы Дүйсенбаев: Сіз ереуілшілердің тас дақтырып, өртеп, қиратып, талқандағанын көрдіңіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ, итергенін көрдім, бірақ нақты ешкім есімде қалмады.

Дүйсенбаев: Біз қыста жылыну үшін алаңда қардан жасап, үй тұрғыздық, ал сіз оны трактормен бұзуға бұйрық бердіңіз.

Сарбөпеев: Бұл қаланың ортасы ғой, бірақ менің сіздерге зиян келтіру ниетім болған жоқ.

Дүйсенбаев: 5-шілдеде өзіміздің УОС-5 кәсіпорнының алдында тұрғанда бізді қуып таратты. Бұл кімнің бұйрығы еді?

Сарбөпеев: Білмеймін, менің оған қатысым жоқ.

Дүйсенбаев: Бізді неге Жаңаөзеннің барлық медициналық мекемелерде емдеуден бас тартты?

Сарбөпеев: Білмеймін.

Сотталушы Досмағамбетов: Сіз тек бүгін ғана мұнайшылар талаптары заңды болды деп тұрсыз, ал бұрын олай демегенсіз.

Сарбөпеев: Өйткені «ӨзенМұнайГазда» олардың дұрыстығын дәлелдейтін құжаттар көрсетті, мен соған сендім.

Досмағамбетов: Президент Назарбаев біздікі дұрыс болғанын айтты, ереуіл басталған соң үш ай өткесін-ақ Жаңаөзенге барғым келді деді. Сіз неге оған ақпарат жеткізбедіңіз?

Сарбөпеев: Мен басшылықтың басынан аттап кете алмаймын.

Досмағамбетов: Жұмысшылар автобекетін қоршау жөнінде бұйрық берген кім?

Сарбөпеев: Білмеймін, мен бұйрық берген жоқпын.

Досмағамбетов: ӨМГ басшылығымен ұнатпаушылық қарым-қатынасыңыз болды ма?

Сарбөпеев: Жоқ.

Сотталушы Непес: Сізді қандай баппен соттап жатыр?

Судья: Бұл сұраққа жауап бермеуіңізге болады.

Непес: Былтыр жазда жергілікті телеарнадан сіздің бүкіл айтыс-тартысты 50-60 оралман жасап отыр дегеніңізді көрсетті.

Сарбөпеев: Мен азаматтарды бөлмеймін және оралмандарды қорлағым келген жоқ. Менің тіпті толық жазбаны («Самұрық-Қазына» жанындағы пікірталас клубының. - Ж.Қ.) көрсету жөнінде ойым да болды.

Непес: Жазда, біз алаңда тұрған кезде, мезгіл-мезгіл әлдебір жас жігіттер келіп, 20-30 адам, біздің рұқсатымызсыз бізід фотоға түсіріп жүрді. Оларды сіз жібердіңіз бе?

Сарбөпеев: Мұны біз жағдайды білу үшін жасадық. Бізден үкімет ереуілде қанша адам екенін және т.б. ақпарат сұрады. Бейнетаспаға түсірдік.

Непес: Мен басқа мәселені айтам, жас жігіттер туралы.

Сарбөпеев: Ол, шамасы, әкімдіктің жас мамандары болса керек.

Непес: Сіз Аәтқұловтың теріс сөздерін немесе іс-әрекеттерін байқамадыңыз ба? Ол үнемі бізді басып тастауға тырысып, барлық істерге қыстырылды ғой.

Сарбөпеев: Енді, ол біздің кураторымыз болды ғой, тіпті білмеймін...

Непес: Сіз 16-сынан кейін ИВС-ке бармадыңыз ба? Білгіңіз келмеді ме?

Сарбөпеев: Маған, ұсталғандар ИВС-ке сыймай жатыр, сондықтан гаражға да орналастыруда, одан соң Ақтауға аттандыра бастады деп айтқан.

Сотталушы Төлетаева: Сіз ӨМГ-де қосалқы бухгалтеря жүргізуі мүмкін дегенді естідіңіз бе?

Сарбөпеев: Ия, естідім, менің кезімде Астанадағы ҚМГ адамдарының өзі «жировкадағы» әртүрлі мәліметке назар аударса да, ӨМГ басшылығы мұны теріске шығарды. Мен анықтауға тырыстым.

Сотталушы Дүйсенбаев: Сіз киіз үйлер үшін 2 миллион теңге кепілдік бердіңіз, ал адам өлімі үшін 1 миллион теңгеден берді. Осы дұрыс па?

Сарбөпеев: Бұл цифрды мен емес, үкімет белгіледі.

Дүйсенбаев: Адам өмірі 1 миллион тұра ма?

Прокурор: Біз бұл сұраққа қарсымыз.

Дүйсенбаев: Менің әкемді өлтірді, мені және қарындасымды соттап жатыр, және де оны жарақаттады. Адамдарға ату дұрыс па?

Сарбөпеев: Дұрыс емес, өмір 1 миллион теңге тұруы мүмкін емес.

Төлетаева: Адамдарға оқ атуға кім бұйрық берген?

Судья: Бұл сұрақты алып тастаймын.

Адвокат Әлібиев: Сізге 16-сында қару қолдану мүмкіндігі турлы айтты ма? Ол кезде 100 полицей келді ғой.

Сарбөпеев: Жоқ.

Төлетаева: Сіздің пікіріңіз - атуға кім бұйрық берді?

Сарбөпеев: Мен бұл жөнінде ұзақ ойландым. Білмеймін.

Прокурор: Сіздің  кабинетіңіз өртенді ме?

Сарбөпеев: Сыртқы бөлмеде болғанда күйік иісін сездім.

Прокурор: Егер сізді тәртіпсіздіктер күні ұстап алғанда, сізге не істер еді?

Судья: Бұл сұрақты алып тастаймын.

Прокурор: сотталушылардың бірі, балалар үйінде тәрбиеленуші, олар әкімдікке барғанда сіз: «Мен «айт» десем, сендерді паршалап тастайды», - деді деген. Бұл рам па?

Сарбөпеев: Жоқ.

Прокурор: Сіз айттыңыз: «Мұнайшылардың өз шындығы бар», - деп. Қандай?

Сарбөпеев: Жалақы бойынша, еңбек тартысы бойынша.

Прокурор: Сақтағановтың шетелге қандай мақсатпен барғанын білесіз бе?

Сарбөпеев: Жоқ.

Прокурор: Мұнайшылардан кім сіздің жеке қабылдауыңызда болды?

Сарбөпеев: Ешкім.

Адвокат Төлеуқұлов: Тәртіпсіздік күндері қаза болғандар мен раланғандардың санын айта аласыз ба?

Прокурор: Бұл мәселенің қаралып жатқан іске қатысы жоқ (сотталушылар, залдағылар: «Айтсын, айтсын!» - деп шулап кеткен).

Судья: Бұл мәліметтер құпия емес.

Сарбөпеев: 16 адам өлтірілген, 100-ге тарта жараланған.

Судья: сол күндері сіз ҚІІД-ның гаражына бардыңыз ба? (залдағы бір кексе әйел: «Айт, адамдарды қалай азаптағанын сен көрдің ғой»).

Сарбөпеев: Жоқ.

Судья: Сізге жанып кеткен киіз үйлер саны белгілі ме?

Сарбөпеев: 5-6.

Судья: Алаңнан соңғы киіз үйді қашан алып кетті?

Сарбөпеев: Есімде жоқ.

Одан соң сұралған куә,  мектеп мұғалімі Нарынбаева Ибаш өзінің тергеу кезінде: «Мұнайшылар оқушылардың шеруіне кедергі келтіруге тырысты», - деп берген көрсетуінен бас тартқан.

Қорғаныс тарапының қосымша куәсі Маржан Аспандиарова сотталушылардың кінәсі жоқ екендігіне куәлік беретіндігі, шын кінәлілер Сарбөпеев, Құлыбаев, Мәсімов, Назарбаев екендігі, солар жауапқа тартылмайынша бұл 37 адамды соттаумен іс бітпейтіндігі, қоғамдық ұйымдардың ереуілшілерге заңгерлер арқылы көмектесуге тырысқандығы туралы айта келіп, судьяға пікірталас клубының бейнежазбасын сұрату жөнінде талап-тілек жасаған. Судья: «Жақсы», - деп, үзіліс жариялаған.

Аспандиярованы сұрау кезінде адвокат Батиева, біріншіден: «Ол тек Төлетаева жөнінде айтсын, басқа сотталушылар жөнінде айтпасын», - деп шектеу қойып, екіншіден: «Сіз: «Ереуілді мансұқтау қантөгіске әкеледі», - деп ескерттім дедіңіз, сонда сіз мұны білгенсіз бе?» - деп, жұрттың ашу-ызысын туғызуы салдарынан залдағылар бірнеше рет: «Батиева, кет! Батиева, шығып кет!» - деп айқайлаған.

 

Үзілістен кейін сұралған «Қарасаев Айбек» лақап атты куә тергеу кезінде сотталушы Өтебеков Жанайдар жөнінде: «Полицейлерге жанғыш шөлмек, тас лақтырды, қарсылық көрсетті», - деп берген көрсетуін қайталаған, бірақ қойылған сұрақтардың барлығына дерлік («Өтебековтің киімі, бойы, шашы, өңі қандай, сізді полицияға қалай шақырды?» және т.б.) «есімде жоқ», «білмеймін» деп жауап берген.

Одан соң сұралған «Мұрат» лақап атты куә «полицейлерге шабуыл жасаған сотталушылар Досмағамбетов, Непес, Қосбармақов, Жарылғасынов, Ақжігітов, Дүйсенбаев, Ерғазев, Төлетаева» туралы бұрынғы көрсетулерін қайталаған және ол да қойылған сұрақтарға не «білмеймін», «есімде жоқ» деп жауап берген, не мүлде жауап беруден бас тартқан, сондықтан адвокат Жәменов оны куәлар құрамынан шығарып тастау жөнінде талап-тілек жасаған.

Ең соңынан сұралған айыптаушы тараптың қосымша куәсі - полиция тергеушісі Өнеров Елжан.

Прокурор: Сіз куә Боженконы неше рет сұрадыңыз?

Өнеров: Мен Боженконы білмеймін.

Прокурор: Кімді сұрадыңыз?

Өнеров: «Оразбаев Алмазды», яғни, Жайлыханов Ерланды.

Прокурор: Ол лақап атты өзі таңдады ма?

Өнеров: Ия, одан кейін сотталушы Ермұқановтың туыстары  Жайлыхановты қорқытқаны айқындалды.

Прокурор: Жайлыхановтан неше рет көрсетулер алдыңыз?

Өнеров: Екі рет. Маған Ермуқановтың туыстары Жайлыхановты нотариусқа алып барып, Бас прокурорға хат құрастырғаны белгілі болды. Жайлыханов ол хатты қысыммен жазған.

Прокурор: Сіз нотариустан көрсетулер алдыңыз ба?

Өнеров: Ия, алдым.

Сотталушы Досмағамбетов: 20-желтоқсанда мені тергеушілер жауаптады, сіз олардың мені қорқытып, құлағымды степлермен қысқанын көрдіңіз бе?

Өнеров: Жоқ, көрген жоқпын.

Досмағамбетов: Жоқ, көрдіңіз.

Өнеров: Бұл өтірік.

Досмағамбетов: Сен және СИЗОға келіп, бізді қорқыттың, Бізге қарсы жаңа айыптаулар жасалды дедің. Құрметті судья, оған сенуге болмайды.

Другие подсудимые: Құрметті судья, Өнеров 16-17-желтоқсанда Жаңаөзенде болған жоқ, ал сіз үнемі - куәлар тек жаппай тәртіпсіздіктер бойынша керек дейсіз. Құрметті судья, Өнеров пен Жайлыхановты беттестіруді талап етеміз.

Адвокат Әлібиев: Жайлыхановқа неге адвокат бермедіңіз?

Өнеров: Қажет емес деп есептедік.

Әлібиев: Сіз айтасыз, Жайлыхановқа Ермуқановтың туыстары тарапынан жасалған қысым жөнінде белгілі болды деп,  олай болса нег қылмыстық іс қозғамадыңыз, ешқандай шара қолданбадыңыз? Жайлыханов ол кезде 100-ші баптың қорғауында болды ғой?

Өнеров: Не айтып тұрғаны түсініксіз.

Әлібиев: Сіз мені түсінбедіңіз. Міне, ҚПК-да жазылған: 100-ші бапты қолдану үшін куәға немесе оның туыстарына нақты қауіп төнуі керек. Нақты қауіп болды ма?

Өнеров: Болды.

Әлібиев: Жақсы, сіз 100-ші бапты қолдандыңыз. Бірақ куә Жайлыхановқа Ермұқановтың туыстары қысым көрсете бастағандығы жөнінде сізге белгілі болған кезде неге сол туыстарға қарсы қылмыстық іс қозғамадыңыз?

Өнеров: Қозғамадым.

Әлібиев: Неге?

Өнеров үндемеген.

Әлібиев: Жарайды, міне, сіз айтасыз, Ермұқановтың анасы куәмен бірге Қазақстанның Бас прокурорына хат жазғандығы сізге белгілі болды деп. Сонды сіз мұны қысым, қорқыту деп есептейсіз бе?

Өнеров үндемеген.

Әлібиев: Сізге қысым туралы белгілі болды дейсіз, ендеше неге сіз куәға толық қауіпсіздік қамтамасыз етпедіңіз? Әлде оған лақап ат берумен шектелуді ұйғардыңыз ба?

Судья: Тергеуші мұнымен айналысуға тиіс емес.

Әлібиев: Құрметті судья, куә үшін жауап бермеңіз.

Судья: Мен сізге заңды түсіндіріп отырмын.

Әлібиев: Маған өзім білетін нәрсені түсіндірудің қажеті жоқ. Куә Өнеров, сіз Жайлыхановтың жауаптарын басқа адамдардың көрсетулерімен салғастырдыңыз ба, олар үйлесе ме?

Өнеров: Есімде жоқ.

Әлібиев: Есіңізге салайын, сіз істе Ермұқанов қылмыс жасағандығын теріске шығарады деп жазасыз, ал Жайлыхановтан басқа куә жоқ. Көршілері мен туыстары Ермұқановты мүлде басқа жерде көрдік дейді, сіз неге оларға сенбейсіз?

Өнеров: Олар Ермұқановтың алаңға қарай бара жатқанын көрдік деді ғой.

Адвокат Сәрсембина: Өзіңіздің жұмыс сағаттарыңызды айтыңызшы?

Өнеров: Жаңаөзенде ме?

Сәрсембина: Ия.

Өнеров: Таңғы 9:00-де бастаймын, одан соң жағдайға қарай.

Сәрсембина: Істе сіздің куә Жайылхановты сұрауды 22-желтоқсан күні 22:35-те бастап, түнгі 1:35-те аяқтағаныңыз жазылған. Түнде жауаптаудың қандай қажеттілігі болды? Жаңаөзенде комендант сағаты жұмыс істейтінін біле тұра, сіз куәні 1.35-те жібересіз де, үйіне жеткізіп салмайсыз, ал оны сол түні ОМОНдықтар ұстаған. Оның айтуынша, содан соң оны ұрып-соққан. Оның үстіне ҚПК сұрауларды күндізгі уақытта жүргізген дұрыс дейді.

Өнеров: Ол кезде жұмыс өте көп болды, күндіз үлгермей жаттық.

Әлібиев: Іс материалдарында куә Жайлықановты, және тағы да соны, бірақ «Оразбаев Алмаз» лақап атымен, бір мезгілде екі тергеушінің - сіз бен Биязбековтың сұрағаны көрсетілген. Сонда бұл қалай, заңсыздық қой?

Өнеров: Білмеймін.

Әлібиев: Құрметті судья, куә «Оразбаев Алмаздың» көрсетулерін дәлелдерден алып тастау жөнінде талап-тілек жасаймын, өйткені процессуалдық нормалар бұзылған, оның үстіне лақап атты куәнің анкеталық мәліметтері салынған конверт ашылды. уважаемый судья ходатайствую исключить показания свидетеля «Оразбаева Алмаза» из доказательств, так как были нарушены процессуальные нормы, тем более вы раскрыли конверт с анкетными данными свидетеля под псеводнимом (осы уақыт бойына судьяның қолында мөрлер басылған сары түсті қағаз конверт болған, ол одан әлсін-әлсін бірдеңені алып, қайтадан салып отырған. Ал кеше прокурорлар ашылған куәлардың анкеталық мәліметтерін тек жарыссөзден кейін ғана салыстыруға болады деген).

Пікірлерді сұраған соң (прокурорлар қарсы болған) судья бұл талап-тілекті ашық қалдырып, бүгін келмеген жәбірленуші Ешмановты мәжбүрлеп келтіру үшін  2-мамырдың сағат 10:00-іне дейін үзіліс жариялаған.

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 01-мамыры.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019