Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 4911 2 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 13:25

Ұмытылмауға тиіс ескерткіш

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік биік орын алған Саттар Ерубаев Үлкен террор басталған әйгілі 1937 жылғы маусым айында дүниеден өтті. Тамаша жазушы және ақынға, туғанына 80 жыл толуына орай, қалалық қабірстанның кіреберісінен 1994 жылы символдық құлпытас (кенотаф) орнатылған-ды.

Бейіті үстіне қала салынып кеткен болатын. Ескі зираттан сақталып қалған Райымбек батыр кесенесі ғана еді, сол әулие басынан топырақ алынып, жас ұрпақтың (әдебиетші, ақын, кез келген отаншыл қыз-жігіт) еске алып, тағзым етіп тұратын қасиетті жер болады деген үмітпен соғылған кенотафқа салынды. Ескерткішті қойған – сол шақтағы «Саттар» әдебиетшілер қауымдастығының бас директоры, көрнекті ақын Қасымхан Бегманов.

Осы Алматы қалалық бейітінде тыншыған ұлтымыздың біртуар ұл-қыздары жатқан орындарды нұсқап, қысқа ақпарат беретін жол нұсқағыш жасау қажет-тін. Бұл істі ескерілмей жүрген Алаш арыстары мұрасын жарыққа шығаруды батыл қолға алып, көпшілікті сүйсінткен, жақсы істерімен көзге түсіп жүрген «Қыр баласы» қорының (Заңғар Керімхан, Елдос Тоқтарбай бастаған жас зерттеушілер) қолға алғаны жақында белгілі болды. Іске сәт, алашшыл жас азаматтар!

Суреттерде: Алматы қалалық зиратындағы Саттар Ерубаев құлпытасы; құлпытас фрагменті; мәңгі жас, баршаға құрдас жазушы әм ақын Саттарға тағзым.

Бейбіт Қойшыбаев

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435