Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 5267 1 пікір 22 Маусым, 2021 сағат 14:27

Тынысы тарылған Ресей және қымбат вакцина

Ресейдің тағы да тынысы тарылуда. Коронавирус кезекті мәрте өршіп кетті. Он күн бұрын күніне 7-8 мың адамнан вирус анықталса, қазіргі таңда ол көрсеткіш күніне 17-19 мыңға дейін жетуде. Ресей билігі наурыз-сәуір айында әлемде өршіген коронавирустың үшінші толқынынан аман өткенін айтқан болатын, алайда қазіргі жағдай одан да ауыр болуда. 

Вирустың қайта өршуіне түрлі болжамдар айтылуда. Сарапшылар Ресейге вирустың жаңа штаммдары келуде дейді. Бұл вирустың тез тарауына әсер етуде, себебі жаңа штаммдар жұқпалылық жағынан бірнеше есе қауіпті саналады. Медициналық қызметкерлер одан бөлек вирустың өршуіне жаз мезгіліне байланысты халықтың маска тағуды қойып, еркінсіп кетуі, вакцина алудан бас тартуы мен көпшілік орынға топтасуы, мейрамханалар мен асханалардың ашық болуы, футбол турниріне байланысты түрлі мекемелерде әлеуметтік арақашықтықты сақтамай топтасуы әсер етуде деген ойларын айтуда.

Ресейде әлемде ең қауіпті саналатын "үнді штаммы" анықталды. Бұл да вирустың таралуына ықпал етері сөзсіз, себебі үнді штаммы ухань штаммынан 60%-ға қауіпті. ДДСҰ Үндістанда үнді штаммының жаңа түрі пайда болғанын айтуда. Дельта-штаммы аса қауіпті дейді ДДСҰ.Ресейлік мамандар жаңа штаммға дайын екендерін мәлімдеді.

"Алаңдауға еш негіз жоқ. Біз кез келген штаммға қарсы тұруға дайынбыз. Қандай штамм келсе де, ол ең алдымен коронавриус, біз оны жақсы білеміз, сондықтан айтарлықтай ештеңе бола қоймайды", - деді микробиолог Анатолий Альтштейн.

Песков бұл сөзбен келіспейтін сияқты. "Жағдай қиын, даму тенденциясы қуантарлық емес" , - деді Путиннің баспасөз хатшысы.

Алайда қандай мәлімдеме жасалса да вирустың беті қайтар емес. 21 маусымда Ресейде 17378 адамнан вирус анықталған. Біп апта ішінде Мәскеуде вирус жұқтырғандар саны 65%-ға артқа. Жалпы пандемия басталған сәттен бастап Ресейде 5 334 204 адамнан вирус табылған. Оның ішінде 128 мың адам көз жұмған. Бұл ресми көрсеткіш, ал бейресми тұрғыдан 300 мыңнан асады дейді тәуелсіз тілшілер.

Ресей нарыққа төрт бірдей вирусқа қарсы вакцина шығара білген ел. Алайда оның шынайы әсері жайлы дау көп. Тіпті ДДСҰ ресейлік вакциналарды тіркеуден бас тартып отыр. Толық клиникалық зерттеуден өтпеген дейді мамандар. Ресейде вирус тарап, карантиндік шектеулер күшейтіліп жатқан сәтте, Қазақстанда Ресей вакцинасына қатысты сұрақтар туындауда.

Мысалы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов: "Ресей вакцинасын неге Қазақстан қымбатқа сатып алуда", - деген сұрақты көтеруде. Сарапшылар ресейлік вакцина құны Қазақстанға 26 долларға түсуде дейді, ал әлемде вакцинаның орташа құны 12-14 доллар арасында.

Министр Цой: "қара күзге дейін елімізде 10 млн халыққа вакцина егіп үлгерем", - деген еді. Жаздың бірінші айы аяқталу алдында, ал вакцина алғандар саны 2.8 млн адамды құрайды. Екі айда 7 млн адамға вакцина салуды іске асыру оңай емес.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404