Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5451 5 пікір 22 Маусым, 2021 сағат 15:11

Ресей елшісі: «Еуропа соғыстан сабақ алсын», - дейді

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орай Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Ұлы Отан соғысы, Гитлердің Германияға шабуылы бүкіл кеңес халқы үшін апат әкелді. Бұл Отан соғысы болды, сондықтан барлық халықтар өз Отанын қорғауға бел буды. Қазақстан да бұдан тыс қалмады. Біз Қазақстанның да майдандағы үлесі туралы, жеңіс үшін өндірістік қару-жарақ пен әскери техника, азық-түлікпен үлес қосқанын білеміз. Сол үшін оларға рахмет», - деді Бородавкин.

Сондай-ақ ол, екінші дүниежүзілік соғыс және ондағы жеңіс «біздің даңқымыз бен мақтанышымыз» екенін еске түсірді.

Оның айтуынша, Кеңес Одағына шабуылға Германияның өзі ғана қатысқан жоқ, шын мәнінде бүкіл Еуропа - барлық дерлік еуропалық мемлекеттер қатысқан.

«Менің ойымша, біздің нацистік Германияны жеңгеніміз және Еуропаны азат еткеніміз еуропалық серіктестеріміздің жүрегінде тұруы керек. Бірақ қазір Еуропада болып жатқан оқиғалар бұл шындықты растай алмайды. Олар қазір бізбен тағы да күш тілімен сөйлеспекші. Және өздерінің ережелері мен тәртібін бізге міндеттемекші. Бірақ, тарихтан белгілі біз бұдан өткенбіз. Екінші дүниежүзілік соғыс оларға сабақ болуы керек. Ресеймен күш тілінде сөйлесуге және бізге жат ережелерді тықпаламауға тиіс», - деді Бородавкин.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404