Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
5245 6 пікір 30 Маусым, 2021 сағат 20:24

Көк ту астындағы "қызыл паспорт"

Қазақстанда әлі күнге дейін КСРО кезеңінің төлқұжатымен жүргендер бар. Көк тудың желбірегеніне отыз жыл болса да қызыл паспортпен жүргендер жетерлік екен. Естіп, біліп жағамызды ұстадық. 

1797 адам бүгінге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты.

"Нәтижесінде қазаннан бастап құжаты жоқ 4686 адам анықталды. Олардың көбі Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тіркелді. Оның ішінде 3408 адамға жеке басын куәландыратын құжат берілді, қалған 1278 адамды құжаттандыру мәселесі аяқталып жатыр. Нақтырақ айтсақ, 1797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Қазір бұл науқан жалғасып жатыр", - деді Сейтжанов.

Сұмдық. КСРО-ның құжатын ұстап жүргендердің барлығы дерлік егде жастағы азаматтар. Олардың құжаттарының ауыспауына бір жағынан мемлекеттік жүйе де кінәлі. Бақылау аз, тексеру жоқ. Тіпті кей ауылда құжатты қалай ауыстыру керектігін білмейтін жандар да баршылық. Екі мәрте өткен халық санағы кезеңінде бұл жайттар қалай анықталмағаны да ерекше назар аударуды қажет ететін фактілердің бірі.

Қызыл паспорт бодандықтың, халықтар түрмесінің белгісі, қызыл қанмен жазылған жетпіс жылдық қасіретті жылдардың символі. Ол идеологиялық соққы жасаса да, мемлекетке айтарлықтай қауіп төндіре қоймас. Қорқыныштысы, секем алатын тағы бір паспорт бар. Ол Ресей паспорты. Елімізде қос азаматтыққа тыйым салынып, қауіп деп танылған. Жүрегің мен паспортың Қазақстан деп соғуы тиіс. Өзге елдің паспортын арқалағандар Қазақстан азаматтығынан айырылады. Қазақстанда өкінішке орай қос азаматтықпен жүрген жандар жетерлік. Жыл сайын мыңдаған адам анықталып, оларды заң жүзінде жазалау іске асуда. Тіпті жоғары шенеуніктер арасында да қос азаматтықпен жүргендер бар. Шымкенттегі шу естеріңізде болар. Білдей бір басқарманың тізгінін екі паспорты бар жан басқарып отырған. Ондай фактілер жетерлік.

Украина шығысына Ресей паспортын таратып, артынша орыс әлемін қорғап жатырмыз деп соғыс ашқан Мәскеуден бәрін де күтуге болады. КСРОның қызыл паспортын ұстағандар Ресейдің үш жолақ туын қуана қабыл алары да анық дүние.

Abai.kz

 

 

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963