Сенбі, 23 Қараша 2024
5375 7 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 13:00

Ердоғанда мүмкіндік бар ма?

Түркияда екі жылдан кейін сайлау. Қазірдің өзінде түрік қоғамы бұл тарихи маңызы бар оқиғаға дайындалып жатыр. Әрине ең алдымен саяси және экономикалық зерттеу орталықтары түрлі сауалнамалар өткізуде. Олардың зерттеулері түрлі бағытты қамтиды. Ердоғанның жетістіктері мен кемшіліктері, қай тұрғыдан алға жылжу бар, қазір сайлау өтсе кімге дауыс берер едіңіз және т.б сұрақтарға жауап іздеуге тырысады. 

Түркияны 2002 жылдан бері басқарып келе жатқан Әділет және Даму партиясы өткен айда жалпы сайлаулар өткізілсе, бүкіл ел бойынша шамамен 25 пайыз дауысқа ие болар еді. Бұндай қорытындыны  AКAM зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға сәйкес оппозициялық  "Turkish Minute" басылымы кеше жариялады.

Өткен сәрсенбіде AKAM президенті Кемал Озкираз жариялаған зерттеу нәтижелері өте қызық болып шыққан. Әрине, бұл билікті сынап келе жатқан зерттеу орталығы болғандықтан, оның нәтижелерін жүз пайыз шынайылық деп те қабылдау қателік болар еді. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып маусым айында сайлау өткізілген болса, онда Режеп Тайып Ердоған президенттікке үмыткер болуы мүмкін төрт ықтимал қарсыластарынан да жеңіліс табар еді дейді басылым.

"Ердоғанның сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі жоқ, ол қандай сценарий болмасын жеңіліс табар еді" дейді Озкираз.

Биліктегі АКП мен оның саяси одақтасы "Ұлтшыл Қозғалыс Партиясынан" 2018 өткен жалпы сайлауда 53,6 пайыз дауыс жинаған "Халықтық Альянс" бағалаған пікірлер айтарлықтай құлдырады. Маусым айында сайлау болса Ердоғанның партиясы парламенттік сайлауда 25% дауыспен қанағаттанса, Девлет Бахчелінің саяси партиясы 6%-ды қанжығаға байлар еді дейді зерттеу нәтижелері.

Сауалнамада жетекші оппозициялық Республикалық Халық партиясы (RPP), оңшыл "Жақсы партиясы" (İYİ) және консервативті "Бақыт партиясы" (SP) сәйкесінше 22,9%, 12,8% және 1,2% дауыс алған.

Басқа оппозициялық саяси бірлестіктер келесі нәтижелерді көрсетті: күрдтерді қолдайтын "Халықтық демократия партиясы" - 9,4%, бұрынғы премьер-министрдің орынбасары Али Бабажанның "Демократия және серпіліс" партиясы (DEVA) - 3,8%, бұрынғы үкімет басшысы Ахмет Дәуітоғлының "Болашақ партиясы" (GP)  - 1,7% дауыс алар еді деп есептейді сауалнама қорытындысы.

Сауалнама сондай-ақ 2023 жылғы сайлау 2021 жылдың маусымында өтсе, онда Ердоған İYİ басшысы Мерал Акшенерден, Кемаль Кылычдароглудан, Стамбұл мэрі Экрем Имамоглудан және Анкара мэрі Мансұр Яваштан жеңіліс табар еді деп болжайды. Дәл осыған ұқсас наурыз айында рейтингті анықтау мен саяси көзқарасты білу мақсатында ұйымдастырылған сауалнамада Ердоған партиясы сайлау өтсе, 38% дауыс алар еді деген қорытынды жасаған болатын.

Түркияда сайлау жақындаған сайын билік пен оппозиция арасында қарама-қайшылық артып келеді. Оппозиция түрік билігін ірі жобалардан, мысалы "Стамбұл каналын салудан бас тарту керек" десе, билік керісінше "біз ел болашағын ойлап отырмыз, сендер ақылға салмай сөйлей бересіңдер" деумен келеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366