Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2309 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:53

Әлі күнге дейін тарихи фильмдерде көшпенділер артта қалған ел ретінде көрсетіліп келеді

19 мамыр күні Алматыда «Көшпенділер мұрасы» халықаралық қоғамдық қорының құрылтайында  қазіргі қоғамда көшпенділер мәселесін көтеру жайы талқыланды.

«Рух - кең мағыналы құбылыс. Ол заң, сана, руханияттық негіз,  этностың белгілі бір ішкі рухани күші сияқты көп мағыналарды жамайды.  Ұлттық рухты  белгілі бір этникалық топтың мүддесіне ғана құрған, тарихи обьективті негіздері бар біріктіруші  сана сезімінің аяғы ретінде тануға болады», - дейді Д. Қонаев атындағы университеттің оқытушысы, философ Берік Аташ.

Оның айтуынша, рух беруші ішкі күштердің әлсіреуі көшпенділерді  отар елге айналдырды. Отаршылар ұлттық намыс пен жігерді  жою үшін түрлі құралдар мен әдістерді ойлап тауып, оны жүзеге асырды. Оны қайта жандандырушы ішкі күштердің бірі - ата-тек. Бұл  белгілі бір деңгейде ұлттық рухты оятуға ықпал етеді. Оны ғылыми тұрғыдан жүйелеп, іске асыру керек. Бұл кезек күттірмей іске асырылатын өзекті мәселелердің бірі болуы тиіс.

Берік Аташтың пайымдауынша, ұлттың ішкі қайнар көзін оятудағы тағы  бір маңызды мәселе отаршылық пен құлдық санадан арылу кодекстері. Оны идея тұрғысынан ғана емес, тәжірибелік тұрғыдан кезең-кезеңімен іске асыру керек. Бұл үшін ұлттық санадан құлдық элементтерін тауып алып, арнайы зерттеп, одан арылуды кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет.

Әлі күнге дейін тарихи фильмдерде көшпенділер артта қалған ел ретінде көрсетіліп келеді. Олардың әлемге темір, алтын өндіруді үйреткені көрініс таппайды. Тіпті ұлттық  фильмдерде киіз басу, жүн, тері және ағаш өңдеу, металл өндіру, ұсталық пен зергерлік сияқты өндіріс салаларының көрініс табуына өзіміз немқұрайлы қарап отырмыз, - дейді Б. Аташ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470