Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 11770 6 пікір 17 Шілде, 2021 сағат 14:06

Қазақстанда 18 млн адам кедей секілді өмір сүруде

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ: (басқа бұрыштан қарағанда)

13-15 ҒАСЫР

- ЕШКІ КЕРНЕЙІ ТАРТЫЛҒАНДА, әрбір үйден толық қаруланған бір-бір сарбаз шығатын.

16-17 ҒАСЫР

- ҚАРАУЫЛТӨБЕДЕН ТҮТІН ШЫҚҚАНДА, әр ауылдан күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінген, жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз сауыт киген, жақсылар кеңес құрғанда, мұрты өрге шаншылып, бәрінен бұрын сөйлеген Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII)...-тер шығушы еді.

18-19 ҒАСЫР

- БОЗТОРҒАЙ ШЫРЫЛДАҒАНДА, әр үйден шыбыртқысын сүйретіп, ат үстінде қалғыған бір-бір қойшы шығатын болды.

20 ҒАСЫР

- САҒАТТЫҢ ҚОҢЫРАУЫ ДЫРЫЛДАҒАНДА, әрбір үйден «папа-мамасы» жетектеген қызыл тұмарлы пионерлер мектепке қарай, галстугін қылқитқан «-ович», «-евичтер» кеңсеге қарай шығатын.

21 ҒАСЫР

- МЕШІТ АЗАНЫ ШАҚЫРЫЛҒАНДА, әр бұрыштан балағы қысқа, сақалы ұзын, таспиғы сыртылдаған бір-бір «монтаны сопы» шығатын болды...

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМДА...

Менің сүйікті Қазақстанымда 18,5 миллион халық тұрады.

18 адам араб Шахтары сияқты өмір сүреді.

180 адам америкалық Байлар сияқты өмір сүреді.

1800 адам ағылшын Лордтары сияқты өмір сүреді.

18 000 адам еуропаның Орташа деңгейінде өмір сүреді.

180 000 адам азия Халқы сияқты өмір сүреді.

18 000 000 адам үндістандағы Кедейлер сияқты өмір сүреді.

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313