Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5445 3 пікір 8 Қыркүйек, 2021 сағат 15:03

LRT ісі: Шенділер жауаптан жалтарып жүр ме?

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты апелляциялық сотта Қазақстанның бұрынғы және қазіргі жоғары лауазымды шенеуніктерінен LRT ісі бойынша жауап алу сұралды. Бұл туралы КазТАГ мәлімдеді.

Сейсенбіде Нұр-Сұлтанда өткен апелляциялық сот отырысында LRT ісі бойынша сотталған Рашид Аманжоловтың қорғаушысы адвокат Сауле Акатова куәгерлерді шақыруды және LRT жобасын іске қосу туралы шешім қабылдаған жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды өтінді. Олардың қатарында: бұрынғы премьер -министрлер - Серік Ахметов пен Иманғали Тасмағамбетов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Қазақстанның Нидерландыдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жұмағалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев бар.

Алайда, прокурор бұл адамдардан жауап алудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді, себебі прокурордың айтуынша, іс бойынша жеткілікті дәлелдер жиналған.

Адвокат Жанат Әбдірахманов Акатованың өтінішін қолдайтынын білдіріп, жоғарыда айтылған жоғары шенділерден жауап алынбаса, онда шындықты анықтауда ешқандай позиция жоқ екенін айтты. Өтінішті адвокат Оразалин Нұрлан да қолдады. Бірақ, бұл шешімді олардың клиенттері емес, Республикалық бюджеттік комиссия (РБК) қабылдайды. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот РБК мүшелерін жаңылыстырды деп бағалады, бірақ сот мұндай шешімді қандай материалдардың негізінде қабылдағаны белгісіз.

Айта кетейік, құрылыс жұмысы басталған сәтте LRT жобасын жүзеге асыру үшін Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен мемлекеттік кепілдік бойынша 1,5 млрд доллар көлемінде несие тартылды. Оның 344 миллион доллары құрылысқа жұмсалған.

Ал, 2019 жылдың 8 қазанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Нұр-Сұлтан әкімдігіне LRT құрылысын қайта бастауды тапсырып, бұған дейінгі жобаны «сәтсіз» және «даулы» деп атады. Онан соң, 2020 жылдың 27 ақпанында LRT ЖШС сыбайлас жемқорлық жанжалдарынан кейін қалалық көлік жүйесі (CTS) болып өзгертілгенін хабарлады.

Жалпы, Astana LRT-да жымқыру ісі бойынша жеті айыпталушының үкімі жарияланды. Ал, сотталушыларға 5,8 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылған.

Осы жылдың 13 маусымында Astana LRT Қазақстанның мемлекеттік кепілдігі бойынша 1 миллиард долларлық несиеге жаңа тендер жариялағанын хабарлады.

Дайындаған Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394