Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 4590 9 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 13:58

Жалған дауыс берген Путин және әлемдік БАҚ

Ресейде Мемлекеттік Думаға сайлау науқаны аяқталды. Путин сайлауға бір апта қалғанда карантиндік оқшаулануға кеткен еді. Оған Ресей президентінің жанындағы бірқатар адамның вирус жұқтыруы себеп болған. Путиннің онлайн дауыс беретіні айтылды. 

Биылғы сайлауға Ресейде 14 партия қатысуда. Сайлаудың негізгі кезеңі 17-19 қыркүйекте өтті, ал қазіргі уақытта дауыстардың 60%-ы саналды. Сайлаудың ерекшелігі дауыс беру онлайн және дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Сонымен қатар6 Навальный жақтастары биылғы сайлауды бақылау мақсатында арнайы электронды боттар жасап, оны телеграмда кеңінен қолданбақ болды. Дегенмен6 Ресей билігі 17 қыркүйекте ол боттарды Ресей аумағында бұғаттап тастады.

Путин алғаш болып дауыс беруді бастады. Алайда Ресей президентінің дауыс беруі Ресейде үлкен дауға айналуда. Оған себепкер екі жайт. Біріншіден, Путин онлайн дауыс беру кезінде ұялы телефон қолданбаған. Ал ол дауыс беру барысында болуы міндетті, себебі ұялы телефонға арнайы СМС келеді. Бұл сұраққа Песков:

«Путин көмекшілерінің телефонын қолданды, себебі оның өзінде ұялы телефон жоқ», - деп жауап қатты.

Екінші фактіде Путиннің қолындағы сағатқа Твиттер қолданушылары назар аударған. Онда 17 қыркүйекті емес, 10 қыркүйекті көрсетіп тұрған. Бұған қатысты Песков былай деді:

«Иа, расымен сағатта 10 қыркүйек көрсетілген, алайда Путин 17 қыркүйекте дауыс берді. Ол жай ғана сағаттан күнді қарамайды, қате күн тұрғанын байқамаған», - деді. Дегенмен бұл ақталуларға халық сенбеді. Олар:

«Путин дауыс беру процесін алдын-ала жазып, оны тікелей эфир іспетті көрсете салды», - дегенді айтуда.

Сайлауға қатысты шетел журналистері мен бақылаушылар да түрлі пікірлер айтып жатыр. Мысалы «Irish Times» ирландиялық басылымы Ресейдегі сайлауға қатысты былай деп жазды:

«Елде экономикалық немесе қоғамның өзге саласында жағдай мәз емес сәтте халық оған билікті кінәлі деп тауып, сайлауда қарсы жұмыс жасайтыны либералды әлемде қалыпты жайт қой. Әлем елдері оңайлып келе жатқанда, күніне ковидтен кемі 800 адам көз жұмып жатқан Ресейде де солай болады деп болжам жасауға болар еді. Алайда Ресейде бұрмалау орасан зор болатынын ескере отырып, қандай да бір өзгеріс болады деу қиын»

«New York Times» басылымы болса Ресейдегі сайлау әділет пен шындық атаулыны білмейтінін жазыпты. Танымал басылым Ресейде шынайы дауыс беру жолдарын биліктің бұғаттап жатқанын, Apple мен Google дауыс беруді бақылайтын «Навальный» қосымшасын жапқанын да айта кеткен.

«Өткен жылғы президент сайлауынан кейін Беларусь елінде болған толқулар Кремльді ойға салып, енді олардың барынша сақ болуына ықпал еткендей. Мәскеуде полиция қызметкерлері тиелген автобустар толып тұр, алайда қандай да бір ашық қарсылық байқалған жоқ», - деп жазды.

«Independent» тілшісі Оливер Кэрролл Ресейдегі сайлауды жазу үшін, арнайы сайлау учаскесіне барып көрген. Ол былай дейді:

«Билік сайлауда дауыс берушілер барынша қатысып, ойдың плюрализмі бар десе де, шынайылық оған жақын емес. Осиноводағы №2822 дауыс беру учаскесі Қазан мен Татарстанның ауылдық аймақтарымен шектесетін тұста орналасқан. Бұл жерде түрлі көзбояушылық жасауға болады. Бұл қаладан айтарлықтай лыста жатыр, сондықтан бұл жерге оппозициялық күштер бақылаушыларды жібере алмайды. Мәдени тұрғыдан да алыста, сондықтан жергілікті халық демократияға қарағанда, дауыс беруде бас шұлғуды дұрыс көреді», - деп жазды.

Ресейдегі дауыс беру кеше аяқталды. Болжам бойынша дауыс беруге құқығы барлардың 48%-ы осы құқықты қолданған. Ал алда «Единая Россия» келеді. Билік күткендей..

Асхат Қасенғали

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434