Мемлекеттік қызметкерлер саны азаяды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттеріне өзгерістер енгізілді.
Министрліктерде, мемлекеттік мекемелерге бағынысты барлық деңгейдегі әкімдіктерде штат санының лимиті өзгереді. Орынбасарлардың шекті саны да анықталған.
Штат саны қаншаға қысқартылатыны көрсетілмеген. Бұл ақпарат «Ресми пайдалану үшін» деп белгіленген. Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдарға 2022 жылдың 1 қаңтарына және 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қосымшаларда және қаулыда көрсетілген штат санының лимитіне сәйкес штат санын қысқарту бойынша жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Abai.kz