Сенбі, 23 Қараша 2024
2605 0 пікір 23 Желтоқсан, 2021 сағат 16:16

Бекшин: Омикрон штаммы кезекті толқынды тудырады

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа болжам айтты. Баспасөз мәслихаты барысында ол омикрон штаммының қауіп төндіретінін түсіндіріп, алматылықтарды осы сынаққа дайындалуға, екпе алуға шақырды.

"Алматыда омикрон штаммы толқыны сөзсіз болады. 2022 жылдың қаңтар айының ортасында дельта нұсқасын біртіндеп ауыстыратын омикрон басым болады деп күтілуде. Бесінші толқын келер жылдың наурыз айының ортасында шарықтау шегіне жетеді" дейді Бекшин.

Сонымен қатар, алдағы Жаңа жыл мерекелеріне байланысты Бекшин адам көп жиналатын орындарға баруды шектеуді, банкеттерге бармауды және мерекені отбасымен тойлауды ұсынды. Оның айтуынша, жаңа жылдық мерекелер коронавирустың таралуына себеп болмауы керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364