Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
2517 0 пікір 28 Желтоқсан, 2021 сағат 13:00

Мамин: 9 миллион адамды ревакцинациялау керек

Премьер-министр Асқар Мамин 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 миллион қазақстандықты ревакциналауды тапсырды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

"Жаппай ревакциналау жұмыстарын күшейту керек. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында 9 миллион адамды ревакциналау қажет. Ақпарат, денсаулық сақтау министрліктерінен, облыс әкімдіктерінен халық арасында ревакцинация қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді сұраймын", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. "Жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімдерінде науқастарды қабылдау 17 пайыз, ауруханаға жатқызу және ауыр жағдайлар айтарлықтай төмендеді. Облыстардың көпшілігі "жасыл" аймақта, "сары" аймақта екі өңір бар - Нұр-Сұлтан және Солтүстік Қазақстан облысы", - деп қосты ол.

Abai.kz

0 пікір