Жұма, 22 Қараша 2024
6304 6 пікір 29 Желтоқсан, 2021 сағат 15:29

Млрдтарға сатқан Ахметов, сатып алған министрлік

Ауылшаруашылығы министрлігі Даниал Ахметовтың ұлынан 3,9 миллиард теңгеге кеңсе сатып алды. Ауылшаруашылық министрлігі Нұр-Сұлтандағы Министрліктер үйінен 4 миллиард теңгеге жуық сомаға кеңсе сатып алды. Жаңа қоныстың ауданы 4500 м2. Министрліктің көшуі үшін үкімет тарапынан қаржы бөлінген. Көшудің негізгі себебі басқа министрліктерге жақын отыру деп түсіндірген министр Ербол Қарашүкеев.

«Біздің барлық министрліктер сол жағалауда Министрліктер үйінің ғимаратында орналасқан. Өкініштісі сол жаққа көшуге мүмкіндік болмай, үкіметтің арқасында қаржы таптық. Көп уақытты босқа өткізбеу үшін әріптестерімізге жақын болу үшін Министрліктер үйінің үшінші кіреберісіне көшуді жоспарлап отырмыз. Ал біздің ғимарат, тиісінше, мемлекет меншігіне өтіп, әрі қарай пайдаланыла береді», - деді ол өз сөзінде.

Министр бұл шешімнің қалай қабылданғаны туралы алдағы уақытта ақпарат беретінін айтты. Министрлік жаңа кеңсені «Ақ сұңқар НТ» ЖШС-нан сатып алған. Оның құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың ұлы Талғат Ахметов.

Бұл туралы Ratel.kz сайты «Әкімнің 32 жастағы ұлы, бизнесмен-вундеркинд Талғат Ахметов, биылғы жылы Forbes Kazakhstan тізімінде 35 орында тұр. Оның байлығы 145 млн. доллор. Оған Павлодар облысының бірқатар компаниялары: "Казэнергокабель" АҚ (29,9%), нан-тоқаш комбинаты және кондитерлік фабрикасы, "KAZ InterGroup PV" ЖШС, "ТАСК Холдинг", "Теміржолшы", "Глория-фарм", "Павлодар", сондай-ақ «Ақ сұңқар НТ» және Астанадағы «Engineering Supply Company» тиесілі деп, Ахметов 2017 жылы Forbes Kazakhstan журналының тізіміне шыққан кезде жазған болатын.
«Ақ сұңқар НТ» ЖШС нарықта жұмыс істегеніне 15 жыл болған. Қазіргі уақытта 16 мемлекеттік келісімшартқа отырған.

Жыл сайын «Ақ сұңқар НТ» ЖШС – мен келісім шарт жасасатын «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мемлекеттік компаниясы биыл кеңсе үй-жайларын жалға алу туралы үш келісім-шартқа отырған. «Aқ сұңқар НТ» ЖШС үш кеңселік үй-жайын жалға берген:
ауданы 50 м2 1,9 млн.теңгеге;
ауданы 2508 м2 115 млн.теңгеге;
ауданы 108,7 м2, 1,6 млн.теңгеге.

2020 жылы «Aқ сұңқар НТ» ЖШС «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен кеңселік үй-жайларды жалға беру туралы 2 келісім-шартқа отырды. Бірі 98,5 млн.теңгеге ауданы 2 214 м2 болатын үй-жай болса, екіншісі 42 млн теңгеге ауданы 621 м2 болатын үй-жай.

2019 жылы «Aқ сұңқар НТ» ЖШС бірнеше үй-жайды жалға беру туралы бес келісімшартқа отырды. Оның төртеуі «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен, біреуі Қаржы министрлігімен болған.

2018 жылы «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен екі келісім-шарт жасаған, 2017 жылы екі еңбек ресурстарын дамыту орталығымен, бір – «Қазконтент» АҚ-мен келісім шартқа отырған. «Aқ сұңқар НТ» ЖШС төлеген салық көлемі 2015 жылдан бері 91,9 млн теңге болды. 2021 жылы – 21,5 млн.теңге салық төлеген.

Abai.kz

 

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320