Жұма, 22 Қараша 2024
3145 3 пікір 30 Желтоқсан, 2021 сағат 12:50

Павлодарда 59 млн теңге жымқырған факт анықталды

Павлодар облысында сыртқы желілерді тарту және тұрғын үй кешенін абаттандыру жұмыстары кезінде қаржы жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, Павлодар облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Павлодар қаласындағы "Сарыарқа" тұрғын үй кешеніне сыртқы желілерді тарту және абаттандыру кезінде, сондай-ақ Ленинск қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырылғанын анықтаған.

"А.Ахметов бюджет қаражатын жымқыру мақсатында 2016-2017 жылдары "АзияСпецСтрой" ЖШС, "Ман-Қожа" ЖШС және "Репер-СК" ЖШС-ны алып, оларды басқа тұлғалар атына тіркеп, кейін осы кәсіпорындар атынан мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Ахметов алдын ала сөз байласу арқылы Бекеевпен, Күлтұмановпен, Сағынаевпен және Ғаббасовпен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың іс жүзінде орындалмаған актісіне қол қойып, осылайша мемлекетке жалпы сомасы 59 миллион теңгеден аса залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322