Қайрат Сатыбалды қайда жүр?
Қайрат Сатыбалды Қазақтелеком акционерлерінің жиналысына келген жоқ - жиналыс өткен жоқ, деп хабарлайды «Abai.kz» сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
Бүгінгі Қазтелеком телекоммуникациялық компаниясы акционерлерінің жиналысы болмай қалды. Себебі, акционерлері Қайрат Сатыбалды мен Нұрәлі Әлиев келмей қалған.
Қайрат Сатыбалды –"Қазақтелеком" акцияларының 24 пайыздан астамын иеленетін Skyline Investment Company S. A. фирмасының жалғыз құрылтайшысы. Бұл мәлімет LRB Люксембург тізімінің құжаттарында көрсетілген.
Abai.kz