Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Күбіртке 6116 16 пікір 7 Сәуір, 2022 сағат 11:50

Әлем ауқаттылары: Бұрынғы алтау - сол алтау...

Forbes әлемнің ауқаттыларының тізімін жариялапты. Ол тізімге Қазақстан атынан алты дәу қалталы дөкей кіріпті. Олар:

Владимир Ким ($5 млрд) – 552 орын;

Тимур мен Динара Құлыбаевтар ($3,8 млрд) – 778 орын;

Болат Өтемұратов ($2,8 млрд) – 1096 орын;

Вячеслав Ким ($2 млрд) – 1513 орын.

Михаил Ломтадзе ($1,9 млрд) - 1579 орын.

«Соғыс, пандемия мен экономикалық дағдарыс (нарыққа ықпал) әлемнің ауқаттыларының қалтасына әжептәуір соққы болды», - деп жазады басылым.

Forbes жыл сайын әлемнің ең ауқатты адамдарының рейтингін түзіп отыратыны белгілі. Биылғы рейтингке барлығы – 2668 адам еніпті. Рейтингтегі миллиардерлер саны былтырғымен салыстырғанда 87 адамға азайған екен. Ал тізімдегілердің жалпы байлығы – 12,7 триллион долларды құрапты. Бұл да былтырғы жылғымен салыстырғанда 400 миллиард долларға аз көрсеткіш.

Миллиардерлерінің саны күрт кеміген елдер – Ресей мен Қытай екен. Ресей президенті Владимир Путин пәрмен беріп, Украинаға қарсы соғыс ашқалы Ресейде жиған-тергені миллиардпен есептелетін 34 олигарх тізімнен шығып қалған. Қытай билігінің ірі және орта кәсіпкерлікке жасаған бақылауынан соң, Қытайда 87 миллиардер тізімнен әлемдік рейтингтен шыққан.

Ал әлемнің ең ауқатты адамдарының көшін әйгілі Илон Маск бастап тұр. Оның дәулеті – 219 млрд $ деп сеептелген. Алғашқы бестікте:

Жеф Безос (171 млрд $) – 2 орын;

Бернард Арнольд және отбасы (158 млрд $) – 3 орын;

Билл Гейтс (129 млрд $) – 4 орын;

Уоррен Баффот (118 млрд $) – 5 орын.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 380
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1264
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 354
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 321